• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Қазан, 2021

Қостанайда көпқабатты үй өртенді

207 рет
көрсетілді

Қостанай қаласында Чкалов көшесінде 20 қазан күні сағат 00:47-де бес қабатты ғимаратта пәтер өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы облыстық ТЖД мәлімдеді.

Байланыс пунктіне көпқабатты үйдің көршілерінен қоңырау келіп түсті. Өрт сөндірушілер бірнеше минуттан кейін ТЖ орнына келіп, екінші қабатта, жалпы алаңы 7 шаршы метр зал бөлмесіндегі жиһаз, терезе ойығы және пластиктен жасалған балкон жанғанын анықтады.

Пәтерде екі адам болды. Олар 1969 жылы туған ер адам және 1975 жылы туған әйел. Ер адамды есіктен эвакуациялауға тура келді, өйткені ол таяқпен қозғалатын. Эвакуациядан кейін құтқарушылар зардап шеккендерге термиялық күйік диагнозымен медициналық көмек көрсетті: әйелдің денесін 10-19%, пәтер иесінің 30-39%-ын күйік шалған.

Айта кетерлігі, екеуі де мас күйінде екені белгілі болды. Қазір олар Қостанай қаласының қалалық ауруханасының травматикалық бөлімшесінде жатыр.

«Өрт 01:23-те жойылды. Оқиға орнында 3 бірлік техника және жеке құрамнан 10 адам жұмыс істеді. Өрт кезінде үйдің барлық тұрғын (оның ішінде 5 бала 20 адам) өзін-өзі эвакуациялады, олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ және көмекке мұқтаж емес», делінген ведомство хабарламасында.