«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 2-тармағының 15 тармақшасына сәйкес, табиғи монополия субъектісі бекітілген тарифтік сметаны орындауға міндетті.
«Богатырь Көмір» ЖШС-ның тарифтік сметаның орындалуы туралы есебін қарау нәтижелері бойынша, Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті субъектінің бекітілген тарифтік смета шығындарының баптарын бекітілген тарифтік сметада көзделген мөлшердің 669,2 мың теңге мөлшерінде бес пайыздан астам орындамауына жол бергенін анықтады.
Осылайша, департамент 2021 жылғы 1 қазанда ««Богатырь Көмір» ЖШС-ның қозғалмалы құрамның өтіп кетуіне кірме жолдарды ұсыну қызметіне уақытша өтемдік тарифтер бекіту туралы» бұйрық шығарды, оған сәйкес тарифтер: 2021 жылғы 1 қараша – 2022 жылғы 31 қаңтар аралығында тариф 10,62 теңге/вагон-км-ден 10,55 теңге/вагон-км-ге дейін немесе (0,7%); 2022 жылғы 1 ақпан – 2022 жылғы 31 қазан аралығында тариф 11,12 теңге/вагон-км-ден 10,92 теңге/вагон-км-ге дейін немесе (1,8%) мөлшерінде төмендеді.
Жол берілген бұзушылық үшін, «Богатырь Көмір» ЖШС-ы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 164-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 4 667 200 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.