• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 21 Қазан, 2021

Саранның ұзын сәкісі

496 рет
көрсетілді

Саран қаласында жастардың бас қосып, бос уақытын бірге өткізетін алаңқай пайда болды. Қалаға кіреберіс тұста орын тепкен саябақтағы бұл жерде жастардың демалысы үшін барлық жағдай қарастырылған. Мысалы, мұнда от жағатын шұңқырға дейін бар.

Таяуда жоғарыда айтылған алаңқайға  биіктігі төрт метр, ал ұзындығы жеті метр болатын сәкі орнатылды. Темір мен ағаштан қиюластырып жасалған сәкіге саты арқылы ғана өрмелеп шығуға болады.

Қала әкімі Ержан Темірханов жергілікті жа­с­тардың әкімдікке бос уақытын өткізу және селфи жа­сау үшін креативті орын ұйымдастыруды өті­ніп, бірнеше рет өтініш түсіргенін айтады.

– Жастар бұл мәселеге жауапкершілікпен қарап, тіпті кейбірі өз идеяларын әлеуметтік желілерде ұсынды. Біз олардың ұсыныс-тілектерін қабыл алып, саябаққа ерекше сәкі орнаттық. Тұрғындар бұл мүлікке ұқыпты қарайды деген үміттеміз, – дейді ол.

Бүгінде саябақтағы жастарға арналған алаң­қайдың маңайы көгалдандырылып, айнала ағаштар егілген.

Жастар үшін жасалған бұл игіліктер бюджеттен тыс қаражат есебінен жүзеге асыпты. Ұйымдастырушылар саябақтағы бұл алаң­қайдың гитарада ойнап, ән айтатын жастардың сүйікті орнына айналарына сенімді.