ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Экс-төрағасы Серік Сәпиев қайда жұмыс істейтінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Мен Ұлттық Олимпиада комитетінде жұмыс істеймін деп айта аламын», деді ол қазақстандық блогер Динара Сатжанға берген сұхбатында.
Бұл ретте Сәпиев ҚР ҰОК-да қандай лауазымда болатынын нақтыламады.
Естеріңізге саламыз, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев 19 қазанда қызметінен босатылған болатын.