Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Ассамблея жастармен жүргізілетін жұмысқа баса назар аударуға тиіс. Әрине, бұл салада тәжірибеміз бар. Соны одан ары дамыта берген жөн. Мысалы, Big 7 деп аталған жоба аясында еліміздегі көптеген жастар ұйымы «Жаңғыру жолы» республикалық қоғалысының айналасына топтасты. Олар өңірлердегі жастар ісі жөніндегі кеңестермен және ресурстық орталықтармен байланысын нығайта түсті», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Оның айтуынша, бұл жұмысқа тың серпін беру керек.
«Осы орайда «Жаңғыру жолы» қозғалысын Ассамблеяның республикалық жастар ұйымы ретінде қайта құру мүмкіндігін қарастырған жөн», деді Мемлекет басшысы.