Грекияның Лутраки қаласында ардагерлер арасындағы спорттық күрестен әлем чемпионаты өтуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан құрамасы сапында павлодарлық еркін күрес палуаны Турпал - Али Сулейманов та қатысты. Ол 78 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Е дивизионында өнер көрсетті.
Финалда ол грузин спортшысы Малхаз Розомашвилиді 6:2 есебімен ұтып, алтын медальді мойнына тақты.
Грекиядағы әлем чемпионатына 35 және 60 жас аралығындағы палуандар қатысуда. Оларды жасына қарай бес топқа бөлген.
Турнир 19-24 қазан аралығында жалғасады.