• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Әлем 22 Қазан, 2021

Ресейде 21 адам метил спиртіне уланып қайтыс болды

334 рет
көрсетілді

Ресейдің Свердлов облысында метил спиртінен улану салдарынан көз жұмғандар саны 24 адамға жетті. Бұл туралы сотта журналистерге мемлекеттік айыптау өкілі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы ТАСС агенттігі мәлім етті.

«Бүгінгі күнде қайтыс болғандар саны – 24 адам», деді прокурор.

Бұған дейін 18 адамның көз жұмғаны туралы хабарланған. 7-14 қазан аралығында Екатеринбургтің Чкалов ауданында бірнеше адам азаматтарға метил спиртін өткізген.

РФ ҚК 238-бабы 3-тармағы («Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан, тұтынушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін тауарлар мен өнімдерді өткізу») бойынша қылмыстық іс қозғалды.