Сүт безінің қатерлі ісігі - бұл әрбір оныншы әйелде кездесетін қатерлі жаңа түзіліс. Омырау обырын кез келген жаста анықтауға болады. Бұл туралы Egemen Qazaqstan газетінің 2021 жылғы 22 қазандағы санында журналист Орынбек Өтемұраттың «Скринингтен өту қатерлі дерттің қаупін азайтады» мақаласында айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 қазан – Дүниежүзілік сүт безінің обыры туралы ақпараттандыру күні.
Сүт безінің обыры – қатерлі ісіктің ең көп таралған түрлерінің бірі. ДДСҰ статистикасы бойынша, 2020 жылы әлемде бұл аурудың 22 млн-нан астам жағдайы тіркелген. Сүт безінің қатерлі ісігі – онкологияға шалдыққан әйелдер арасындағы өлімнің басты себебі. Тек 2020 жылы осы аурудан әлемде 685 мың әйел қайтыс болды.
Елордада қатерлі дерттің алдын алу мақсатында арнайы айлық өтіп жатыр.