• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Үкімет 22 Қазан, 2021

Мәжіліс «Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Заң жобасын қарайды

182 рет
көрсетілді

Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс Бюросының отырысы өтіп, онда депутаттардың алдағы жалпы отырысының күн тәртібінің жобасы әзірленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Палатаға адам құқықтары жөніндегі уәкілге қатысты заң жобаларының топтамасын бірінші оқылымда талқылау ұсынылады. Бұл «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Заң жобасы, сондай-ақ оның қызметі мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер, соның ішінде ӘҚБтК және Салық кодексіне түзетулер.

Депутаттар заң жобаларын заңнамалық деңгейде адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құқықтық мәртебесін, оның қызметінің қағидаттары мен кепілдіктерін, сондай-ақ адам мен азаматтың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру жөніндегі құзыретті айқындау мақсатында әзірледі.

Бюджет кодексіне, ҚІЖК, АІЖК, АПК-ге, сондай-ақ бірқатар заңдарға түзетулер адам құқықтары жөніндегі уәкілге мемлекеттік органның, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының, лауазымды адамдардың, мемлекеттік қызметшілердің шешімдерімен немесе әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) бұзылған шектелмеген адамдар тобының құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін талап арызбен сотқа жүгіну мүмкіндігін беруге байланысты.

ӘҚБтК-дегі түзетулермен Адам құқықтары жөніндегі уәкілге иммунитетті қамтамасыз ету көзделеді, ал Салық кодексіне толықтырулармен уәкіл жіберетін талап қоюдың мемлекеттік бажынан босату бекітіледі. Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасын, сондай-ақ оған ілеспе түзетулерді қарайды.

Заң жобасы жануарларды ұстау кезінде жалпы және арнайы талаптарды белгілеуге, жануарларды қатыгездіктен, азап пен өлімнен қорғауға, қоғамның адамгершілігін нығайтуға бағытталған. Түзетулер Қылмыстық кодекске, ӘҚБтК-ге, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Ветеринария туралы», сондай-ақ «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» заңдарға енгізіледі. Палатаның жалпы отырысында бейінді комитеттерге жаңа заң жобалары бойынша қорытындылар дайындау мерзімдерін белгілеу қажет.