Egemen Qazaqstan газетінің 2021 жылғы 12 қазандағы санында Моңғолияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Лувсангийн Баттулгадан алған Меруерт Бүркітбаеваның сұхбаты жарық көрді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Моңғолия елшісі Қазақстан - Моңғолия арасындағы қарым-қатынас, ынтымақтастық пен достықты айта отырып, Моңғолиядағы қазақтардың өмір сүру салтына қысқаша тоқталды.
«Моңғолиядағы өзге ұлт өкілдерінің ішіндегі саны жағынан ең көбі – қазақтар. Олар Баян-Өлгий аймағында шоғырланып, өмір сүреді. Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған соң дүние жүзіне таралып кеткен қандастарын елге оралуға шақырып, көшіріп алу ісін қарқынды жүргізді. Моңғолиядан 90 мыңдай қазақ ағайын Қазақстанға көшіп келген. Моңғолияда өмір сүріп жатқан қазақтар – Моңғолия қоғамының ажырамас бір тобы. Қазақстан тарабы Баян-Өлгий аймағында дипломатиялық өкілдік ашу туралы ұсыныс білдіріп келеді. Бұл мәселе жайлы келіссөз жүргізілу үстінде», деді Лувсангийн Баттулга.