• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 22 Қазан, 2021

Министрлік фристайл құрамасындағы жанжалға түсінік берді

194 рет
көрсетілді

Фристайлдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Елена Круглыхина команданың бұрынғы мүшесі Александр Геберттің айыптауына жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұған дейін спортшы видео хабарлама жасап, жаттықтырушы тарапынан қорлық көргенін айтқан. Сондай-ақ құрамадан шығуына келіспейтінін мәлімдеген.

Министрлік фристайл құрамасындағы жанжалға түсінік берді.

Жанжал туындаған кезде Круглыхина өзінің Instagram-дағы парақшасында видео жариялап, жағдайды толық баяндаған.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық спортшы, фристайл командасының экс-мүшесі Александр Геберт Instagram-дағы парақшасында 2020 жылы ұлттық құрамадан өз еркімен кетуге мәжбүр еткенін айтқан.

Видеода Александр Геберт бас бапкер спортшыларға мемлекеттен күнделікті өмір сүруге бөлінетін ақшаның қалғанын қайтаруға мәжбүр етіп, психологиялқ қысым көрсеткенін айтып шағымданған.

Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті 2020 жылы Александр Геберт комитеттің 2020 жылғы 22 қазандағы бұйрығымен фристайл бойынша штаттық құрама команданың құрамынан шығарылғанын растады.

Комитет Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне, сондай-ақ, қаржы мониторингі агенттігіне хат жолдап, онда Александр Геберттің Елена Круглыхинге спортшылардан ақша жинауға қатысты шағымы бойынша түпкілікті шешім қабылдау туралы ақпарат берілетінін хабарлады.