ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы кеше Сеченов көшесіндегі реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінде болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Toyota» көлігінің жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан сегіз жасар баланы қаққан.
«Екінші сынып оқушысы Семей қалалық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. 54 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы (Көлiк жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын бұзып, адам денсаулығына зиян келтiруі, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне әкеп соғуы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», деп хабарлады ведомство өкілдері.
Енді ол 40 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттеліп немесе тоғыз айға дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылуы мүмкін.