• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
06 Мамыр, 2010

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ӨКІЛЕТТІГІ НАҚТЫ РЕГЛАМЕНТТЕЛУІ ТИІС

538 рет
көрсетілді

Депутаттар Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының мәртебесін конституциялық заң деңгейінде бекіту қажет деп есептейді Кеше Парламент Мәжілісінің депутаттары Әмзебек Жолшыбеков, Розақұл Халмұрадов және Светлана Ферхо журналистерге арнап бас­па­сөз мәслихатын өткізіп, сұхбат берді. Депутаттар бастамашы болған “Қазақстан Республикасының кей­бір конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының қыз­метін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бой­ынша өзгерістер мен толық­ты­рулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының жобасы және “Қазақстан Республикасының кейбір заңна­ма­лық актілеріне Қазақстан Рес­пуб­ликасы Тұңғыш Пре­зиденті­нің – Елбасының қызметін қам­тамасыз ету саласындағы заңнама­ны жетіл­діру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасы заңының жобасы туралы түсінік берді. Депутаттар Қазақстан Респуб­ли­касының тұрақты дамуын қам­та­ма­сыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Прези­дентінің – Елбасының мәртебесін конституциялық заң деңгейінде бекіту қажет деп есептейді. Осыған орай аталған заңдарға түзетулер енгізу жөн саналған. Парламентшілердің айтуынша, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының айрықша тарихи миссиясына байланысты оның конституциялық өкілеттігін нақты регламенттеу қажет, сондай-ақ оның қызметін қамтамасыз етудің кепілдігін қарастыру керек.