• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Әлем 25 Қазан, 2021

Дельта штамының суреті жарияланды

402 рет
көрсетілді

«Вектор» ғылыми орталығы алғаш рет РИА Новости ресурстарында электронды микроскоп камерасымен түсірілген коронавирустың дельта штамының фотосуреттерін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Риа Новости мәлім етті.

«Вирус жасанды түрде африкалық жасыл маймылдың бүйрек эпителий жасушаларының мәдениетінде өсірілді. Электронды микроскоп камерасына түсірілген суреттер «Вектор» ДБ ГНЦ коллекциясындағы дельта коронавирусының нақты өзі», делінген «Вектор» орталығының хабарламасында.

Эпоксидті шайырға құйылған жасушалардың ультра жұқа бөліктері электронды микроскопия үшін стандартты сынама дайындау әдісіне сәйкес боялғаны айтылған.