• RUB:
    4.76
  • USD:
    526.11
  • EUR:
    542.31
Басты сайтқа өту
Әлем 25 Қазан, 2021

Судан Республикасының Премьер-министрі қамауға алынды

359 рет
көрсетілді

Судан әскери шенеуніктерінің тобы дүйсенбі күні таңертең Премьер-министр Абдулла Хамдук пен елдің коалициялық үкіметінің серіктестерін қамауға алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұсталғандардың арасында премьер-министр Хамдук пен биліктегі «Бостандық пен өзгеріс альянсы» коалициясының жетекшілері бар. 

Anadolu ақпарат агенттігінің хабарлауынша, биліктегі ​​коалиция жетекшілері тұтқындалғаннан кейін Хартумның бірнеше ауданында наразылық шерулері басталып, демонстранттар дөңгелектерді өртеп, жолдарды жауып тастаған. 

Елде интернет пен ұялы байланыс жұмысы нашарлаған.