• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Президент 25 Қазан, 2021

Гурбангулы Бердімұхамедов Қасым-Жомарт Тоқаевты «Битараплык» орденімен марапаттады

157 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанның «Битараплык» жоғары орденімен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан мен Түрікменстан делегациялары өткізген келіссөздер қорытындысы бойынша мемлекеттер басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін брифинг өткізді.

Брифингтен кейін ҚР Президентін «Битараплык» орденімен салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. Мемлекет басшысына Жоғары награданы Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов табыстады.