ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан көз жұмғандар статистикасын жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Дерекке сәйкес, 24 қазан күні Қазақстан аумағында 24 адам - коронавирустан, тағы 10 сырқат - пневмониядан қайтқан. Коронавирустан ажал құшқандардың ішінде ең көбі Батыс Қазақстан облысында - 3 науқас. Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында - 2, Алматы қаласы мен Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Жамбыл облыстарында - бір адамнан көз жұмған. Еліміздің барлық аймағында дерлік қайғылы жағдайлар тіркелген.
Тек Түркістан және Қостанай облыстарында ғана коронавирустан өлім-жітім болған жоқ.