• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
Туризм 26 Қазан, 2021

Қазақстанда туризмді дамытудың жаңа тұжырымдамасы әзірленді

869 рет
көрсетілді

Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасының жобасын әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құжатты әзірлеушілер атап өткендей, Қазақстан туристік дестинация ретінде өзінің қалыптасуының бастапқы кезеңінде тұр.

Осылайша, 2019 жылы елге 8,5 млн турист келді, олардың 90%-ы ТМД елдерінің азаматтары. Олардың елде өткізген орташа уақыты 3 күннен аспады.

Шекаралардың жабылуы қазақстандықтарды ел ішінде демалуға итермеледі. Көпшілігі қалаларға жақын табиғи демалыс орындарына, ұлттық парктер мен курорттық аймақтарға барды. Сондықтан ішкі туристік ағымдар келу және кету ағындарымен салыстырғанда біршама азайды.

Мәселен, 2020 жылы ішкі туристер саны 4,5 млн адамды құрады, бұл 2019 жылғы деңгейден 32,8% - ға (6,7 млн адам) аз, бірақ сыртқа шығатын туристер санынан 1,6 есе көп. Ішкі туризмді дамыту елдегі туристік саланы дамытудың жаңа трендіне айналды.

Түрлі сараптамалық деректер бойынша отандық туроператорлар мен турагенттер қызметінің кірістілігі 50-60% - ға төмендеді. Әр түрлі аймақтарда жағдай аймақтық факторлардың әсерінен, қатаң шектеу шараларының болуы немесе болмауы салдарынан жақсы немесе нашар болды.

«Бұл кезеңде барынша қолайлы жағдай жасау және отандастарымыздың шетелдік сапарларын ішкі нарыққа қайта бағдарлау, сондай-ақ Қазақстанда туризмді қауіпсіз және экологиялық ете отырып, әлеуметтік қашықтық практикасын қолдау мүмкіндігіне ие бола отырып, шетелдік туристерді тартуға назар аудару орынды болып көрінеді», деп санайды комитетте.