Түркістан полицейлері қарақұйрық атқан браконьерді ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Браконьер» жедел-алдын алу шарасы кезінде Арыс АПБ-нің тәртіп сақшылары «Охотзоопром» өкілдерімен бірлесіп Жиделі ауылында жабайы жануарларды заңсыз аулады деген күдіктіні ұстады. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.
Браконьер аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Одан тәртіп сақшылары аңшы мылтығын, жабайы қоян мен Қызыл кітапқа енген қарақұйрықтың ұшаларын тәркіледі.
Аталған факті ҚР ҚК-нің 337-бабы «Заңсыз аңшылық» бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.