• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Қазан, 2021

Қазақстан ауған әйелдеріне транзиттік дәліз ұсынды

237 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының гуманитарлық саладағы халықаралық міндеттемелеріне бейілділігін негізге ала отырып, Мемлекет басшысы ауған әйел судьялары мен парламентшілері және олардың отбасы мүшелері үшін транзиттік дәліз беру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Транзит үшінші елдерге одан әрі ұшу үшін Алматы қаласының әуежайы арқылы халықаралық үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастықта жүзеге асырылды», деп жазылған хабарламада.