• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Қазан, 2021

Елордада кітапхана желісін кеңейту жолдары қаралды

698 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласында кітапхана желісін кеңейту мәселесі талқыланды. Бұл туралы мәслихат отырысында қалалық мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Санат Шапашов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның айтуынша, жыл сайын қала кітапханаларынан кітап сатып алуға 15 млн теңге қарастыру қажет. Мәселе білімнің барлық салалары бойынша кітаптар, сондай-ақ әлем әдебиетінің, балалар әдебиетінің, Брайль қарпіндегі кітаптар мен аудиокітаптардың туындыларын сатып алу төңірегінде туындады.

«Төрт кітапхана жалға алынған бөлмелерде орналасқан. Жалға алу үшін жыл сайын жергілікті бюджеттен 3-тен 5 млн теңгеге дейін төленеді. Бұл мәселені шешудің бір жолы - ғимараттарды сатып алу және оларды «Орталық кітапхана жүйесі» балансына беру немесе ТК құрылысы кезінде бірінші қабаттарды кітапханалар үшін арнайы қарастыру», деп түсіндірді Санат Шапашов.

Қаланың кітапхана жүйесін кеңейту қажеттілігіне түрткі бола отырып, ол нормативтер бойынша 20 мың тұрғынға шаққанда кемінде бір кітапхана болуы тиіс екенін, ал бүгінде елордада бар болғаны 18 кітапхана бар, яғни бір кітапханаға 63 мың қала тұрғыны тиесілі екенін атап өтті.

Көптеген аудандарда кітапханалар жоқ. Мәселен, Есіл ауданында бір ғана кітапхана бар, бірақ ол жалға берілетін үй-жайда орналасқан.