• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Қазан, 2021

Қаңтардан бастап Google салығы енгізіледі

266 рет
көрсетілді

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Мемлекеттік кірістер комитетінің ірі салық төлеушілер департаментінің директоры Әнуар Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ә.Сүлейменов келесі жылдан бастап күшіне енетін салық заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

«Келесі жылдың қаңтарынан бастап «Google салығы» деп аталатын сандық салық енгізіледі. Ол шетелдік және отандық компаниялар арасындағы бәсекелестік жағдайларды теңестіруге мүмкіндік береді. Оны шетелдік компаниялар интернет-сайттардың электрондық сервистері арқылы тауарлар мен қызметтерді сату кезінде төлейтін болады. Бұл жаңа салық емес – бұл қосылған құн салығы аясында жүзеге асады. Төлем сол 12% мөлшерлеме бойынша жүргізіледі», деді Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі.