Жамбыл облысы Шу қаласында төбелес кезінде екі адам қайтыс болды, бір адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Полицияның хабарлауынша, оқиға 23 қазанда шамамен сағат 21.00-де жеке үйде болған. Алкогольді ішімдікті бірге ішкен бес адамның арасында жанжал шығып, соңы топ болып төбелесуге жеткен.
Пышақ жарақатынан екі адам қайтыс болды, бір адам Шу қаласының ауруханасына жансақтау бөліміне жатқызылды.
Жүргізілген тергеу барысында 44 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Тағы бір 34 жастағы ер адамды іздеу шаралары қабылданып жатыр.
Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағы («екі немесе одан көп адамды өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Тергеу жүргізіліп жатыр, бірқатар сот сараптамасы тағайындалды.