• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
19 Ақпан, 2014

Статистика жұмысы жүйелі

271 рет
көрсетілді

Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде кезекті брифинг өтті. Оған Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов қатысты. «Елбасы биылғы Жолдауында  Қазақстан әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы керек деген міндет жүктеді. Осы мақсатқа жету үшін ұзақмерзімді 7 басымдық белгіленді. Статистика органдары өз кезегінде жүріп жатқан үдерістердің сапалы өл­шенуін, Елбасы Жолдауына сәй­кес елде іске асырылып жатқан стратегиялық және бағ­дар­­ламалық құжаттарды мони­торингтеуді қамтамасыз етуі, сондай-ақ, қоғам, халық және бизнестің қажетті статистикалық ақпаратқа деген қажеттілігін қанағаттандыруы тиіс. Осыған байланысты статис­тика органдары статистикалық көрсеткіштердің жүйесін тұрақты түрде қайта қарастырады. Агент­тіктің 2014 жылға арналған статистикалық нысандарын қайта қарау нәтижесінде респонденттерге есептік жүктеме тағы 12 пайызға қысқартылды», деді Ә.Смайылов. Статистикалық жұмыстардың 2014 жылға арналған жоспарына күн, жел және гидроэнергетика сынды жаңартылған энергия көздерін қолдану объектілері бар кәсіпорындарды жаңадан зерттеу енгізілген. Биылғы жылы халықтың экологиялық таза өнімдер мен қызметтерге қолжетімділігі, энер­гияның жаңар­тылатын көздеріне инвестициялар және «жасыл» құрылыста орындалған құрылыс жұмыстарының құны сияқты бірқатар өзге де көрсет­кіштер қалыптастырылмақ. Сапалы және дәйекті статис­тикалық көрсеткіштерді ұсыну бөлігінде ведомство статистиканың барлық салаларында дерлік, соның ішінде еліміздің ұлттық статистика жүйесінің әлеуетін арттыруға бағытталған «Қазстат» жобасы шеңберіндегі халықаралық сарапшылардың ұсынымдарын есепке ала отырып, әдіснамалық және әдістемелік базаны жетілдіру жұмыстарын жүргізеді. Өткен жылы агенттік пайдаланушыны сапалы статистикалық ақпаратпен қамтамасыз ету үшін жалпы статистикадағы инно­вациялық жоба болып табылатын «Е-статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйені әзірлеуді аяқ­таған. Сонымен қатар, өзге мем­лекеттік органдардың ақпа­раттық жүйелерімен интеграциялану бойынша жұмысты жалғ­астыруда. Былтыр 5 ақпарат­тық жүйемен интеграциялану жүзеге асырылған. Агенттік ауылдық округ әкім­дерінің әр шаруашылық бойынша есепке алу кітаптарын қағаз­тасығыштан электрондық форматқа ауыстыру бойынша жұмысты аяқтауда. Бұл ауыл шаруашылығы мен ауылдық статистика сапасын арттыруға бағытталған. Сондай-ақ, 2014 жыл­ға  Дүниежүзілік банкпен,  Шетелдік әріптестер консорциумымен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп «Қазстат» жобасын іске асыру бойынша жұ­мыстарды іске асыру секілді және басқа да бірнеше міндет белгілеп отыр. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК, «Егемен Қазақстан».