• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Оқиға 28 Қазан, 2021

Қарағандыда мас жолаушы такси жүргізушісін пышақтамақ болған

171 рет
көрсетілді

Қарағандыда көшеде кетіп бара жатқан адам такси жүргізушісін құтқару үшін пышақ ала жүгірген жолаушыға оқ атты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық полиция қызметкерлерінің хабарлауынша, оқиға 27 қазан күні кешкісін болған.

«Тәртіп сақшыларына такси жүргізушісіне шабуыл жасалғаны туралы қоңырау түсті. Жүргізушінің айтуынша, жолаушы межеленген жерге жеткеннен кейін жолақысын төлеудің орнына пышақтап өлтірмек болған.

Такси жүргізушісіне өтіп бара жатқандардың бірі көмектеспек болып жүгіріп келген. Ол пышақпен тап берген адамды көліктен шығаруға ұмтылған. Мас жолаушы оны да пышақтамақ болғанда  оған жауап ретінде әрі қорғану үшін белгісіз травматикалық қарудан бірнеше оқ атқан», деп нақтылады полиция департаменті.

Көп ұзамай жанжал шығарған 55 жастағы жолаушы ұсталды.

«Оған госпитализациясыз медициналық көмек көрсетілді. Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 293-бабы «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта оқ атушының жеке басы анықталуда», деп толықтырды департамент.

Соңғы жаңалықтар