• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Қазан, 2021

Шымкентте инсулинды инелер өндірілмек

225 рет
көрсетілді

Медицинада адам өмірі үшін аса маңызды инсулинды инелер енді Шымкентте өндіріледі. «Тассай» индустриалды аймағында орналасқан «GREEN CROSS ECO» ЖШС жылына 200 млн дана шприцтерге арналған инсулинды инелер өндіруге қауқарлы, деп жазады Egemen.kz.

Бұған дейін инсулинды инелер шетелден әкелінетін. Жаңа бағыттағы өндіріс орны елімізді қамтып қана қоймай, шетел нарығына шығуды да көздеп отыр. Жоба құны - 500 млн тенге. 55 жаңа жұмыс орны құрылады. Өндіріс орнын 2020-2021 жылдары іске асыру межеленген. Бүгінде құрылыс монтаж жұмыстары 100 % толық аяқталды. Қазір құрылғыларды орнату жұмыстары атқарылуда.

Қала әкімі кәсіпорынның қазіргі жағдайымен және болашақ жоспарларымен танысты. 

«Шығарылатын өнімдерге сұраныс бар. Өзімізде өндірілген фармацевтика өнімдерін кеңінен қолдау қажет», деді Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов.

Жаңа кәсіпорын медициналық бұйымдар өндірісіне осылайша серпін бермек. Шаһар басшысы бұл бағытта жергілікті кадрларды даярлау және жұмысқа тартудың маңызына да тоқталып өтті.