Американдық Google компаниясы кәмелетке толмағандардың фотосуреттерін Google жүйесіндегі іздеу нәтижелерінен жоюды сұрауға рұқсат берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«18 жасқа дейінгі кез келген адам, сондай-ақ олардың ата-анасы немесе қамқоршысы енді іздеу нәтижелерінен фотосуреттерді жоюды сұрай алады», делінген Google блогында.
Хабарламада жойылған фотоматериалдар «суреттер» бөлімінен жойылады, бірақ олар ғаламтордан толығымен жойылатынына кепілдік берілмейді делінген.