27 қазанда Рудный қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде алты жасар қыз бесінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл ақпаратты Қостанай облысының Денсаулық сақтау басқармасы растады.
«Оқиға орнына шақыру сағат 15:19-да түсті. Алты жасар қыз бесінші қабаттан құлап кеткені хабарланды. Баланың миы шайқалды, іш, төменгі арқа және жамбас жарақаттары бар. Зардап шеккен бала Рудный ауруханасына жеткізілді. Қазір оны Қостанай облыстық балалар ауруханасының реанимациясына ауыстыру туралы мәселе шешілуде», деп хабарлады ведомстводан.