• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Қазан, 2021

Cинтетикалық есірткі сатумен айналысқан ерлі-зайыпты ұсталды

168 рет
көрсетілді

Көкшетауда синтетикалық есірткі сатумен айналысқан ерлі-зайыпты ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Көкшетау қаласының Теміржолшылар паркі ауданында есірткі қойып кетумен айналысқан 24 жастағы ер адамды және оның 22 жастағы сүйіктісін ұстады.

Қыз бен жігіт есірткінің кезекті партиясын жасыру орнын ұйымдастыру кезінде ұсталды. Ер адамды жеке тінту кезінде белгісіз зат салынған 27 пакет табылды және тәркіленді (болжам бойынша «а-PVP» пировалеронының құрылымдық аналогы синтетикалық есірткісі). Қыздан есірткі салынған орынды суретке түсіру және геолокация түрінде орналасу орнын жіберу кезінде қолданылатын телефон тәркіленді.

Сондай-ақ саябақ аумағын тексеру барысында ұсталғандар өздері есірткі қойып үлгерген жасырын орындарды көрсетті, осыған ұқсас 3 түйіншек тәркіленді.

«Ұсталғандар көрші облыстан келіп, жақында есірткі жасырушы болып жұмысқа орналасқанын, интернет арқылы хабар алысқан белгісіз адамнан есірткі алғанын айтты. Олар бар болғаны 10 күн жұмыс істеп, құқық қорғау органдарының қолына түсті», деді Ақмола облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мейрам Жапбасов.

Ұсталғандарға қатысты ҚР ҚК 296-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.