Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов Ońtústik телеарнасының «Әкім сағаты» бағдарламасында қалаға өткен жылы 3 153 камера, биыл 3 177 камера қойылғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оның ішінде 4 441-і қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға, 1889-ы жол қауіпсіздігіне бағытталған. Олардың барлығы Полиция департаментіне қарасты жедел басқару орталығы арқылы басқарылады.
Жедел басқару орталығының техникалық базасы да жаңартылды. Нәтижесінде камераларды шолу 3 есеге артты. «Сергек» камераларына қарайтын 32 автоматтандырылған жаңа жұмыс орны құрылды.
Бейнеқабырғаларға бұрын екі жүйе қосылған болса, енді олардың саны 8-ге өсті, яғни әлеуметтік нысандар, «Сергек», GPS карталар, Pelco, ИНТЕГРА-С қосылды.