• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Қазан, 2021

Алматыда 2 миллионнан астам адам халық санағынан өтті

212 рет
көрсетілді

Ұлттық статистика бюросы Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Айдар Әбілдабеков өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде 2021 жылғы халық санағының алғашқы нәтижесі жайлы айтты, деп жазады Egemen.kz.

«Бүгінде санақ бойынша халықты кеңінен қамту Алматы қаласында тіркелген. Санақтан өткен тұрғындарды тіркеу бойынша біздің қала өңірлер арасында бірінші орында. 2 188 603 респондент сұралды, бұл халықтың 109,1 пайызы.

Санақ ел халқының нақты санын, оның құрамы мен өмір сүру жағдайы туралы ақпаратты білуге мүмкіндік береді. Оларды талдау нәтижесі бойынша «халықтың сапасы» туралы айтуға болады. Санақтың негізгі мәні – әр адам ескерілуі керек. Өмірлік шешімдер осыған байланысты. Мысалы, жаңа емханаларды, мектептерді қайда ашу керек, көлік инфрақұрылымы мәселесі шешіледі. Демографиялық статистиканы коммерциялық компаниялар да пайдаланады», деді Айдар Әбілдабеков.

Ұлттық статистика бюросы сайтының дерегі бойынша, осы жылдың 1 тамызына дейін мегаполисте 2 005 496 адам тұрақты тіркелген.