• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 01 Қараша, 2021

Қарашада ауа райы қандай болады

428 рет
көрсетілді

Қазгидромет 2021 жылғы қарашаға арналған консультативтік ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қараша - күзден қысқа біртіндеп ауысу кезеңі.

Бірінші онкүндіктің басында Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында, 3 қарашадан бастап еліміздің оңтүстік өңірлерінде, онкүндіктің соңында республиканың солтүстік-батыс жартысында атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты жаңбыр мен қар жауады, тұман, көктайғақ, желдің күшейіп, кей жерлерде бұрқасын болады.

3-4 қарашада республиканың басым бөлігі Карск теңізі аудандарынан ығысатын суық антициклонның ықпалында болады, ауа температурасының төмендеуі салдарынан аяз түсуі мүмкін (батыс аймақтарды қоспағанда): - Қазақстанның батысында түнде 0,+8°С-тан -5+2°С-қа дейін, күндіз +10+18°С-тан 0,+10°С-қа дейін; - елдің солтүстік-батыс жартысында, орталығында және шығысында түнде -5+5°С-тан -5-15°С-қа дейін, қиыр шығыста -20°С-қа дейін, күндіз +2+8°С-тан -3-10°С-қа дейін; - ҚР оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында түнде -3+5°С-тан -1-13°С-қа дейін, күндіз +10+16°С-тан -5+3°С-қа дейін. Бірақ кезеңнің ортасынан бастап температура біртіндеп жоғарылайды деп күтілуде.

Екінші онкүндіктің бірінші жартысында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райын солтүстік-батыс циклон анықтайтын болады, соған байланысты құбылмалы ауа райы күтіледі: екпінді жел, бұрқасын, жауын-шашын (көбінесе қар түрінде) болады.

Содан кейін суық ауа массаларының Ресей аумағынан енуімен екінші онкүндіктің соңында, үшінші онкүндіктің басында және соңында температуралық фонның төмендеуі болжанады. Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында және орталығында ең суық күндері термометр бағаналары түнде -17-25°С-қа дейін, күндіз -8-13°С-қа дейін, ал елдің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында – түнде -5-17°С-қа дейін, күндіз -2-7°С-қа дейін түсуі мүмкін. Күндізгі уақытта елдің солтүстік жартысында аяздың әлсіреуінде ауа температурасы әлсіз оң мәндер шегінде болады, оңтүстік жартысында ауа температурасы +3+12°С-қа дейін жоғарылайды.