• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 01 Қараша, 2021

Пенжімдегі төбелес: Зардап шеккен оқушының жағдайы белгілі болды

314 рет
көрсетілді

Алматы облысы Панфилов ауданының Пенжім ауылында оқушылардың жаппай төбелесінен зардап шеккен бала жансақтау бөлімінен жалпы палатаға ауыстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«2005 жылы туған науқас жансақтау бөлімінен травматология бөлімшесіне ауыстырылды. Ал 1967 жылы туған науқас хирургия бөлімшесінде ем қабылдап жатыр. Қазіргі таңда екі науқастың да жағдайы жақсарып келеді. Дәрігерлер олардың жағдайын орташа ауырлықта деп бағалап отыр. Ем алушылыарға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде», деді Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ресми өкілі Ләйлім Әубәкірова.

Еске салсақ, 27 қазан күні Панфилов ауданының Пенжім ауылында оқушылар арасында жаппай төбелес болды. Бұзақылар бірнеше үй мен көліктің терезелерін сындырды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.