• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Қараша, 2021

БҚО-да 780 оқушыдан коронавирус анықталды

208 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысында бірінші тоқсанда 780 оқушыдан коронавирус анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, қазіргі кезде қала мен аудандардың бас мемлекеттік санитар дәрігерлерінің қаулысына сәйкес 6 мектепте 7 сынып карантинге жабылған. Жыл басынан бері індет табылған 2899 баланың 2830-ы жазылып шықты. 69-ы емделу үстінде.

Күні бүгін облыс бойынша 581 науқас амбулаторлық ем алуда. Олардың 70,5 пайызының ауруы жеңіл өтуде. 6,7 пайызы орташа, 22,8 пайызы – симптомы жоқтар. Сондай-ақ 871 төсектік 16 инфекциялық стационарда жатқан 179 науқастың 17-сі жансақтау бөлімшесінде. Бұлардың біреуі аса ауыр халде. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратына 8, оттегі концентраторына 9 науқас қосылған.

Пандемия басталғаннан бері 38 959, биыл 29 738 адамның коронавирус жұқтырғаны тіркелді. Соңғы аптада алдыңғымен салыстырғанда, ауру жұқтыру 6,9 пайызға (21 науқасқа) төмендеді. Облыс бойынша COVID-19 диагностикасы бойынша 13 зертхана жұмыс істейді. Соңғы тәулікте 57 зерттеу жүргізілді.

Басқарма мәліметіне қарағанда, биыл 648 адам коронавирустан көз жұмса, соның ішінде 28-і – қаңтар айында, 15-і – ақпанда, 30-ы – наурызда, 41-і – сәуірде, 57-сі – мамырда, 60-ы – маусымда, 144-і – шілдеде, 139-ы – тамызда, 90-ы – қыркүйекте, 44-і қазанда қайтты.