• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Коронавирус 01 Қараша, 2021

Вакцинация басталғаннан бері өлім-жітім көбейгені рас па?

326 рет
көрсетілді

Әлеуметтік желілерде COVID-19-ға қарсы екпе егу науқаны басталғаннан бері әлемде өлім-жітімнің күрт өскені туралы жалған ақпарат тарады, деп хабарлайды Egemen.kz Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Дәрігер Николай Бочаров «Ресейде COVID-19-ға қарсы вакцинопрофилактиканың медициналық, ұйымдастырушылық және саяси ерекшеліктері» конференциясында өлім-жітімнің артқаны туралы мәлімдеме жасады. Бұл іс-шараға негізінен вакцинацияға қарсы адамдар қатысқан.

Бұған дейін осы конференцияда айтылған фейк жоққа шығарылған болатын. Шын мәнінде, әлемнің әртүрлі елдерінде жиналған статистикалық және ғылыми мәліметтер вакцинация науқаны өлімнің өсуіне себеп болды деген теорияға қайшы келеді. Жаппай вакцинацияның басында британдық ғалымдар коронавирус жұқтыру жағдайларының көбеюіне қарамастан, елде өлім-жітім төмендегенін анықтады. Бұл вакциналардың аурудың ауыр салдары мен өлімнің алдын алуда тиімділігін көрсетті.

Осы жылдың 24 тамызында АҚШ Денсаулық сақтау министрлігі, мамандардың есептеуінше, вакциналар елде COVID-19-дан 140 000 жуық өлімнің алдын алды деп мәлімдеді. Ал қыркүйекте АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының зерттеуі вакцинацияланбаған адамдар үшін COVID-19-дан қайтыс болу қаупі вакцина алғандарға қарағанда 11 есе жоғары екенін көрсетті. Ұлыбританияда жүргізілген тағы бір зерттеу вакцина халыққа қолжетімді болғаннан кейін бірден бірнеше жас тобында өлім-жітім төмендегенін көрсетті. Соған қарамастан, бірқатар елдерде КВИ-ге қарсы вакциналар болса да, ауру мен өлімнің өршуі жалғасуда.

Bloomberg басылымы мұны бірнеше фактормен сәйкестендіреді, оның ішінде денсаулық сақтау жүйесінің дамуы, елдегі вакцинацияның жалпы деңгейі және вирустың жаңа нұсқаларының таралуы бар.

Айта кетсек, Ресейде вакциналардың болуына қарамастан, бүгінде халықтың тек 33%-ы толығымен вакцинацияланды. Сондай-ақ 3.4%-ы бірінші доза алды.