• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 01 Қараша, 2021

Алматыда митинг өтті

416 рет
көрсетілді

Алматыда Шоқан Уәлихановтың ескерткіші алдында келісілген митинг өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталған акцияны ұйымдастырудың басты себебі ресейлік «Сбербанкпен» цифрлық платформа құру туралы келісім болып отыр. Алматы қаласының әкімдігі келісілген митингтің өтуі үшін барлық жағдайларды жасады.

Атап айтқанда, медициналық маскалар таратылып, акция өткен аймақта жедел жәрдем бригадасы кезекшілікте болды. Митинг кезінде ешқандай оқыс оқиға болған жоқ. Акция қала халқының қызығушылығын тудырмады және шараға өте аз адам қатысты.