• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
20 Ақпан, 2014

Ақпараттар ағыны

220 рет
көрсетілді

*Алматы қаласында ТМД халық­тары мәдениетінің фестивалі басталды. Шара аясында ұлттардың төл мәдени мұрасы туралы дерек айтылып, қолөнер бұйымдарына арналған көрме өткізіледі. *Шығыс Қазақстан облысында «Риддер – Өскемен» және «Өскемен – Риддер» бағытындағы туристік теміржол маршруты іске қосылды. Соның негізінде жергілікті өңірге келетін саяхатшылар қатары артты. *Биыл Шымкент қаласында 36 кәсіпорын пайдалануға беріліп, 3257 жаңа жұмыс орны ашылды. Ал алдағы мерзімде «Оңтүстік» индустриялық аймағында құны 45,0 млрд.теңгені құрайтын 59 жобаны іске қосу жоспарланған. *Тараз қаласында 2 мыңнан аса адам қатысқан патриоттық форум өтті. Онда «Мәңгілік Ел» идеясының маңызы сөз етілді. *Ақтау қаласында Түрікменстан консулдығы ашылды. Осы арқылы маңызды мәселелерді бірлесіп шешуге негіз қаланып отыр. *Қостанай облысында биылғы жылдың көктем айында «Toyota» көлігі шығарылады. Бұл істі өз міндетіне алған «СарыарқаАвтоПром» ЖШС қазірден бас­тап әзірлікті бастап кетті. *Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында ауыл әкімдері мемлекеттік бағдарламалар бойынша сынақ тапсырды. Олардың арасында 14 әкімнің білім деңгейі жоғары бағаланды. *Маңғыстау облыстық халыққа қызмет көрсету орталығы игілікті бастаманы қолға алды. Ондағы қызметкерлер мүмкіндігі шектеулі азаматтардың тапсырыс берген құжаттарын үйлеріне апарып беруде. Egemen.kz хабарлары мен облыстық әкімдіктер сайттарының материалдары бойынша дайындалды.
Соңғы жаңалықтар