Осы жылдың 7 қазанында Президент 10 ұлттық жобаның тізбесін бекіткені белгілі. Олар ұлттық даму жоспарының жалпыұлттық басымдықтарын іске асыру мақсатында қабылданды. Бұл ретте ұлттық жобалар жобалық тәсілмен іске асырылмақ. Ондағы негізгі қағидаттардың қатарында нәтижеге бағдарлану, оған қол жеткізу үшін дербес жауапкершілік таныту бар. Бұған қоса жобаларды іске асыруға барлық мүдделі тараптарды тарту көзделген.
Осы жылдың 7 қазанында Президент 10 ұлттық жобаның тізбесін бекіткені белгілі. Олар ұлттық даму жоспарының жалпыұлттық басымдықтарын іске асыру мақсатында қабылданды. Бұл ретте ұлттық жобалар жобалық тәсілмен іске асырылмақ. Ондағы негізгі қағидаттардың қатарында нәтижеге бағдарлану, оған қол жеткізу үшін дербес жауапкершілік таныту бар. Бұған қоса жобаларды іске асыруға барлық мүдделі тараптарды тарту көзделген.
Ұлттық экономика министрлігі жобалық басқару саясаты департаментінің директоры Илона Шварцкопфтың айтуынша, ұлттық жобаларды іске асыру үшін Үкімет алғаш рет мемлекеттік басқарудың жобалық-желілік моделін енгізуде. Енді мемлекеттік органдар сарапшылар мен жұртшылық өкілдерінің тікелей қатысуымен бірлескен кросс-функционалдық жобалау командаларын қалыптастырады. Бұл – заманауи технологияларға негізделген жаңа ұйымдастырушылық мәдениет пен мемлекеттік басқарудың жобалық-желілік моделі.
– Жобалық басқаруды енгізу Мемлекет басшысының өткен жылдың қаңтар айында берген тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта мемлекеттік органдардың 44 жобалық кеңсесінен тұратын жобалық басқарудың бірыңғай экожүйесін қалыптастыру аяқталуда. Ұлттық жобаларды іске асыру мониторингі бойынша кеңсе құрылып, жұмысқа кірісті. Жобалық басқарудың нормативтік және құқықтық базасы бекітілді. Ол жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларын және мемлекеттік органдардың жобалық басқарудың үлгілік регламентін қамтиды. Бұл құжаттар мемлекеттік басқарудың үш деңгейінде – үкімет, мемлекеттік органдар және жобалық топтар деңгейінде портфельдерді, бағдарламалар мен жобаларды басқару жөніндегі мемлекеттік аппараттың қызметін реттейді. Әрбір ұлттық жоба бойынша Премьер-Министрдің орынбасарлары деңгейінде куратор және министрлер деңгейінде Ұлттық жобалардың басшылары белгіленді, – деді департамент директоры.
Қазіргі уақытта мемлекеттік органдар ұлттық жобалардың әрбір көрсеткішін тиісті салалар мен өңірлерге бөлу бойынша жұмыс жүргізуде. Бұдан бөлек салада, өңірде, ауданда, ауылдық округте әрбір декомпозицияланған көрсеткішке қол жеткізу үшін қажетті жобалар пулы анықталмақ.
Барлық жобалау қызметі ақпараттық жүйеде жүзеге асырылады. Бұл әрбір міндеттің орындалуын бақылауды ғана емес, әрбір жоба бойынша қаражаттың жұмсалуына жедел мониторингті де қамтамасыз етеді. Сондай-ақ жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларында жобаларды іске асыру барысын мониторингілеу үшін қоғамдық топтар қалыптастыру көзделген. Қазақстандықтар ұлттық жобаларды іске асыруға белсене қатысады деген сенім бар.
Бұл ретте осы жылдың ақпанында ұлттық жобалардың жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу офисі құрылғанын атап өткен жөн. Ол кезде ұлттық жобаларды қабылдау, әзірлеу және талқылауға дайындық жұмыстары жүргізілді. Берік нормативтік база құрылды және Ұлттық экономика министрлігі жобалық басқару жөніндегі уәкілетті орган ретінде тиісті үлгілік регламентті қабылдады. Бұл құжаттарда ұлттық жобалардың қалай іске асырылатыны жан-жақты сипатталған.
Ұлттық жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізу офисінің басшысы Арман Евниевтің айтуынша, қазақстандық сарапшылар халықаралық тәжірибені ескере отырып, ЭЫДҰ елдерінде, атап айтқанда, Ұлыбритания, АҚШ, Аустралия, Канада мемлекеттерінде қолданылатын үздік тәжірибелерді бейімдеу арқылы бірегей жобалық-желілік тәсілді әзірледі.
– Мұның бәрі зерделеніп, мемлекеттік секторға бейімделді. Осының негізінде жеке жауапкершілік, нақты мақсаттар, индикаторлар, апта сайынғы спринттер, яғни сегменттер негізінде құрылған жұмыстың айқын ырғағы жатыр. Біз барлық КРІ-ды декомпозициялағанда нақты жобаларға шығамыз және әрбір жобаға кестеге сәйкес қажетті қолдау алуға, өз міндеттері мен проблемаларын эскалациялауға мүмкіндік береміз. Ең бастысы, барлық жобалық тәсіл қоғамның ұлттық жобаларды мониторингілеуге, бақылауға тікелей қатысуын қарастырады, – деді Арман Евниев.
Оның айтуынша, әрбір ұлттық жоба салалар мен өңірлер бойынша бөлшектеп байланыстыратын бағдарлама болып саналады. Сондықтан әрбір қоғам белсендісі, әрбір сарапшы өзінің мүмкіндіктеріне, мүдделеріне қарай қоғамдық мониторингтің мүшесі болуға, ақпараттық жүйелерге қолжетімділік алуға және мониторингке, талқылауға, КРІ түзетуге не бюджет сомасына, шығыстарға, міндеттерді орындауға және кез келген ауытқуларға қатысуға мүмкіндігі бар.
– Бұл – шынайы мүмкіндік. Мұның бәрі Үкіметтің осы қаулысында және типтік ережеде көрсетілген. Баршаңызды онымен танысуға және осы жұмысқа қатысуға шақырамыз. Жақын арада жұмыс істеуге, осы жұмысқа және қоғамдық ұйымдарға қатысуға дайын кез келген бастамашыл топтарға үн қосуға дайынбыз. Мемлекет басшысы Ұлттық жобалар ауқымы бойынша ғана емес, іске асыру форматы бойынша да ұлттық жобаларға айналуы үшін осындай міндет қойды. Біз оны жобалық-желілік модель деп атаймыз, – деді ол.
Арман Евниевтің пікірінше, жобалық басқару жылына мемлекеттік бюджетті 1 трлн теңгеге дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.