• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Қараша, 2021

Қазақстандықтардың 63 млн теңгесін жымқырған үш қаржы пирамидасы анықталды

406 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысында 400-ден астам адам «Лидер», «Алтын Тұмар» және «Ұлы болашақ» қаржы пирамидаларына алданып, қаражаттарынан қағылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаржы мониторингі агенттігінің аумақтық департаментінің қызметкерлері қаржы пирамидаларының ұйымдастырушыларын анықтады.

Орал қаласының екі тұрғыны «Лидер», «Алтын Тұмар» және «Ұлы болашақ» қаржы пирамидаларын ұйымдастырып, оларға азаматтардың қаражатын тартты.

«Қаржы пирамидаларының ұйымдастырушылары WhatsApp-та чат құрып, салынған қаражаттың 100%-дан асатын сыйақысын жеті күн ішінде қайтаруға уәде берген. Ақша қолма-қол ақшамен де, банктік есепшот арқылы да қабылданды», деп хабарлады ҚР ҚҚА баспасөз қызметі.

Қаржы пирамидаларына жалпы сомасы 63 млн теңгеден асатын 435 салымшының қаражаты тартылды.

Ұйымдастырушылар бес жылға бас бостандығынан айырылды.