• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қазақстан 02 Қараша, 2021

Мәжілісмендер Темірхан Досмұхамбетовтың отбасына көңіл айтты

379 рет
көрсетілді

Мәжіліс депутаттары белгілі мемлекет қайраткері Темірхан Досмұхамбетовтың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қолдау білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәжіліс Спикері Темірхан Досмұхамбетовтің ел дамуына, қоғам өмірінің түрлі салаларына, туризм мен спортқа, елорданы абаттандыру, ауыл шаруашылығы мәселелерін шешуге қосқан үлесін ерекше атап өтті.

«Темірхан Досмұхамбетов өзінің заң шығарушылық қызметін 12-ші шақырылымның Жоғарғы Кеңесінде бастап, кейіннен оны Мәжілістің V шақырылымының депутаты ретінде табысты жалғастырып, отандық заңнаманы жетілдірумен айналысты. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі ретінде ол парламенттік дипломатия әдістерін тиімді қолдана отырып, елдің мүдделерін лайықты қорғады. Темірхан Мыңайдарұлы тамаша адам, өз елінің нағыз патриоты болған. Барлық депутаттық корпустың және жеке өзімнің атымнан туған-туыстарына және жақындарына шын жүректен көңіл айтамын. Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, сенімді әріптес, пікірлес Темірхан Мыңайдарұлы Досмұхамбетов туралы жарқын естелік біздің жүрегімізде мәңгі сақталады», деп атап өтті Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин.