• RUB:
    4.97
  • USD:
    493.85
  • EUR:
    519.04
Басты сайтқа өту
Әлем 02 Қараша, 2021

Ядролық сүңгуір қайық теңіз тауымен соқтығысты

674 рет
көрсетілді

АҚШ-қа тиесілі USS Connecticut ядролық сүңгуір қайығы қазан айында Оңтүстік Қытай теңізіндегі белгісіз теңіз тауымен соқтығысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Тергеулер USS Connecticut сүңгуір қайығының Үнді-Тынық мұхитындағы халықаралық суларда белгіленбеген теңіз тауымен соқтығысқанын анықтады», деді 7-ші флоттың өкілі Хейли Симс.

Оқиғаға қатысты тергеу өткен аптада аяқталды. Оның нәтижелері 7-ші флоттың қолбасшысы вице-адмирал Карл Томасқа берілді. Ол оқиғаға байланысты қандай шара қабылдау қажет екенін анықтауы керек.  

Сүңгуір қайық таумен соқтығысқан кезде балласттық цистерналар зақымдалған. Соққы сүңгуір қайықтың тұмсығына тиген. Атом электр станциясы мен оның құрамдас бөліктеріне зақым келмеген.

Соңғы жаңалықтар