• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Қазақстан 02 Қараша, 2021

Қазақстанда Өзбекстанмен бірлескен оқу-жаттығу өтіп жатыр

221 рет
көрсетілді

Гвардейск гарнизонында Қазақстан мен Өзбекстан Республикалары Қарулы Күштерінің арнайы мақсаттағы бөлімшелері арасында бірлескен тактикалық-арнайы оқу-жаттығу басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қалқан-2021» оқу-жаттығуына елімізден 250-ге жуық әскери қызметші, 40-тан астам брондалған және автомобиль техникасы, он бірлік авиациялық техника, сонымен қатар ұшқышсыз ұшу аппараттары қатысып жатыр.

«Оқу-жаттығу барысында екі елдің әскери қызметшілері қосымша тактикалық жасақ құрамында бірлескен арнайы операцияны ұйымдастыру және оны өткізу мәселелерін пысықтайды», делінген ҚР Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Қазақстан мен Өзбекстан Қарулы Күштерінің арнайы мақсаттағы бөлімшелері арасындағы «Қалқан-2021» бірлескен тактикалық-арнайы оқу-жаттығуы биылғы жылдың 5 қарашасына дейін жалғасады.