• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 02 Қараша, 2021

Пенжімдегі төбелес: Полицейлер бірнеше іс қозғалғанын айтты

1283 рет
көрсетілді

Алматы облысында полиция қызметкерлері Пенжімдегі оқиғаға байланысты бірнеше іс қозғап, тергеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Полицейлер соталды тергеу «Бұзақылық» және «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» баптары бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жедел-тергеу тобы құрылған. Қазірдің өзінде төбелескендер анықталған. Сондай-ақ тиісті сараптамалар, жедел-іздестіру шаралары тағайындалған.

Полиция департаментінің мәліметінше, бұл іс бойынша күдіктілер мен ұсталғандар саны және басқа да мәлімет жария етуге жатпайды.

Айта кетейік, 27 қазанда Алматы облысының Пенжім ауылында Абдолла Розыбакиев атындағы мектепте 9-10-сынып оқушылары арасында төбелес шыққан. Төбелес кезінде балалардың бірі ауыр жарақат алған. Панфилов ауданы әкімінің айтуынша, ол құлап, басын жаралап алған.

Кейін Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы Пенжім ауылында жаппай төбелес кезінде зардап шеккен оқушының жағдайы туралы мәлімдеді. 27 қазанда 2005 жылы туған мектеп оқушысы Панфилов ауданаралық көпсалалы ауруханасына түскені белгілі болды.