• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
20 Ақпан, 2014

Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бұйрығы №239-НҚ

202 рет
көрсетілді

2013 жылғы 31 шілде,  Астана қаласы Әуежайлар саласында қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектілерінің кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы   «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтарда туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 12-1-бабының 2) тармақшасына және 14-бабы 1-тармағының 15) тармақ­шасына, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Әуежайлар саласында қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектілерінің кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін жүргізу қағидалары бекітілсін. 2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Теміржол көлігі, азаматтық авиация және порттар саласындағы реттеу департаменті (Г.Қ. Ыбыраева): 1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін. 4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (С.П.Базарбаев) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін: 1) оны бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін, кейін жарияланғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаментіне (С.С. Метенова) ұсынсын; 2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің, «Астана халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамның және «Алматы халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамның назарына жеткізсін. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау өзіме қалдырамын. 6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Төрағаның міндетін атқарушы А.ДҮЙСЕБАЕВ. «КЕЛІСІЛГЕН»: Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушы _______________С. Сарсенов 2013 жылғы 2 тамыз «КЕЛІСІЛГЕН»: Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің төрағасы _______________ А. Смайылов 2013 жылғы 20 тамыз «КЕЛІСІЛГЕН»: Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушы _______________М. Құсайынов 2013 жылғы 9 тамыз Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2013 жылғы 31 шілдедегі №239-НҚ бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылған тізімі 1. «Әуежайлар қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2004 жылғы 24 қарашадағы № 459-НҚ бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3302 нөмірмен тіркелген); 2. «Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 13 ақпандағы № 42-НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5595 нөмірмен тіркелген, «Заң газетінде» 2009 жылғы 10 ақпанда № 56 (1560) нөмірінде жарияланған) Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тізбесінің 3-тармағының; 3. «Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар реттеу агенттігі төрағасының 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 279-НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6567 нөмірмен тіркелген, «Казахстанская правда» 2010 жылғы 30 қазанда № 288-289 (26349-26350) нөмірінде жарияланған) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тізбесінің 2-тармағының күші жойылсын. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2013 жылғы 31 шілдедегі № 239-НҚ бұйрығымен бекітілген Әуежайлар саласында қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектілерінің кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін жүргізу қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Әуежайлар саласында қызметтер көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленді. 2. Қағидалардың негізгі мақсаты уәкілетті орган бекітетін экономикалық негізделген тарифтерді белгілеу үшін әуежайлар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша және тұтастай өзге қызмет бойынша субъектілердің кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін жүргізу тәртібін және қағидаттарын анықтау болып табылады. 3. Әуежайлар реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша және негізгі қызметпен технологиялық байланысты, жүзеге асырылуы уәкілетті органмен келісілген тұтастай өзге қызмет (бұдан әрі - өзге қызмет) бойынша кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін жүзеге асырады. 4. Бөлек есептің қағидаттары: 1) кірістерді, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бастапқы құжаттар деректерінің негізінде қызметтің тиісті бағытына және реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрлеріне тікелей жатқызу басымдығы; 2) кірістердің, шығындардың және қолданысқа енгізілген активтердің өздері байланысқан реттеліп көрсетілетін қызметтердің сол бір түрлерімен себеп-салдарлық байланысы; 3) кірістерді, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді реттеліп көрсетілетін қызметтердің тиісті түрлеріне жатқызу кезіндегі ашықтық. 5. Бөлек есеп Қағидаларға сәйкес кірістерді, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша және тұтастай өзге қызмет бойынша бөлу үшін нақтылаудың қажетті деңгейін қажетті деңгейін қамтамасыз ететін бухгалтерлік және басқарушылық есеп жүргізу үшін пайдаланылатын бастапқы құжаттарға негізделеді. 6. Бөлек есепті жүргізу мақсатында Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар: 1) авиакәсіпорын - жолаушыларды, багажды, ауыр жүктер мен почталарды тасымалдау, авиакөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөніндегі шаруашылық-коммерциялық қызметпен айналысатын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әрекет ететін заңды тұлға; 2) аэронавигациялық ақпарат - әуеайлақтардың нақты жай-күйінің сипатын, әуеайлақ, әуе трассалары ауданында маневр жасау тәртібін және олардың радиоэлектр техникасы құралдарымен жабдықталуын қамтитын мәліметтер; 3) авиациялық техника - азаматтық әуе кемелері, олардың жабдықтары, жиынтықтаушы бұйым­дар, қозғалтқыштар, тренажерлер және азаматтық әуе кемелеріне жерде қызмет көрсететін құралдар; 4) басқарушылық процестер - нәтижесі қызметтер көрсетудің барлық қалған процестерінің нәтижелілігі мен тиімділігін арттыру болып табылатын өндірістік басқару процесі; 5) бірлескен активтер – бірнеше қызметтерді (қызметтер тобын) ұсыну үшін пайдаланылатын, бірақ осы қызметтермен қандай да бір белгілі себеп-салдарлық байланысы жоқ, алайда олардың қызметтер ұсынудағы қолданысқа енгізілу дәрежесі шығын факторларының негізінде айқындалады; 6) бірлескен шығындар - бірнеше қызметтер (қызметтер тобын) ұсыну үшін пайдаланылатын шығындар, бірақ осы қызметтермен қандай да бір белгіленген себеп-салдарлық байланысы жоқ, сондықтан шығын факторларының негізінде бөлінеді; 7) жалпы активтер - қызметтердің барлық түрлерін ұсынуға байланысты, бірақ осы қызметтермен қандай да бір белгілі себеп-салдарлық байланысы жоқ активтер, сондықтан олардың қызметтер ұсынуда қолданысқа енгізілу дәрежесі шығын факторларының негізінде анықталады; 8) жалпы шығындар - қызметтердің барлық түрлерін ұсынуға байланысты, бірақ осы қызметтермен қандай да бір белгіленген себеп-салдарлық байланысы жоқ шығындар, сондықтан шығын факторларының негізінде бөлінеді; 9) көмекші процестер - нәтижесі өндірістік және басқарушылық процестерді жүзеге асыруға қажетті жағдайлар жасау болып табылатын процестер; 10) қызметтер - әуежайлар жүзеге асыратын қызметтердің реттеліп көрсетілетін түрлері және өзге қызмет; 11) қызмет бағыттары - дербес те және бір-бірімен өзара іс-қимылж жасап та қызметтер көрсетуге қатысатын қызметтер көрсетудің белгілі бір процестерінің жиынтығы; 12) қызмет бағыттарының элементтеріне жанама қолданысқа енгізілген активтер - бірнеше қызмет бағыттарының элементтерімен бір мезгілде себеп-салдарлық байланысы бар қолданысқа енгізілген активтер, сондықтан олар қызмет бағыттарының белгілі бір элементіне тікелей және бірмәнді жатпайды, бірақ олардың қолданысқа енгізілу дәрежесі осы себеп-салдарлық байланысты көрсететін шығын факторларының негізінде айқындалады; 13) қызмет бағыттарының элементтеріне жанама шығындар - бірнеше қызмет бағыттарының элемент­терімен бір мезгілде себеп-салдарлық байланысы бар шығындар, сондықтан олар қызмет бағыт­та­рының белгілі бір элементіне тікелей және бірмәнді жатпайды, бірақ шығындардың пайда болу себеп­терін көрсететін шығын факторларының негізінде қызмет бағыттарының элементтері бойынша бөлінеді; 14) қызмет бағыттары бойынша тікелей қолданысқа енгізілген активтер - қызмет бағытының белгілі бір элементімен тікелей себеп-салдарлық байланысы бар қолданысқа енгізілген активтер, сондықтан қызмет бағытының белгілі бір элементіне тікелей және бірмәнді жатады; 15) қызмет бағыттарының элементтеріне тікелей шығындар - қызмет бағытының белгілі бір элементімен тікелей себеп-салдарлық байланысы бар шығындар, сондықтан қызмет бағытының белгілі бір элементіне тікелей және бірмәнді жатады; 16) қызмет бағыттарының элементтері - әуежайлардың қызметтерін көрсету кезінде пайдаланылатын негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің топтары, олардың құнын және олармен байланысты шығындарды әуежай қызметтерінің түрлеріне бөлу үшін біріктіріледі. 17) қызметтерге жанама қолданысқа енгізілген активтер - бірнеше қызметтермен (қызметтер тобымен) бір мезгілде себеп-салдарлық байланысы бар қолданысқа енгізілген активтер, сондықтан да олар белгілі бір қызметке тікелей және бірмәнді жатпйды, бірақ белгілі бір қызметтер көрсетуде олардың қолданысқа енгізілу дәрежесі осы себеп-салдарлық байланыстарды көрсететін шығын факторларының негізінде айқындалады; 18) қызметтерге жанама шығындар - бірнеше қызметтермен (қызметтер тобымен) бір мезгілде себеп-салдарлық байланысы бар шығындар, сондықтан олар белгілі бір қызметке тікелей және бірмәнді жатпайды, бірақ қызметтерге шығындардың пайда болу себептерін көрсететін шығын факторларының негізінде бөлінеді; 19) қызметтер көрсету процестері - түпкілікті мақсаты қызметтер көрсету болатын экономикалық ресурстарын пайдаланып әуежай қызметіндегі белгілі бір іс-әрекеттердің бірізділігі. Ол өндірістік, көмекші және басқарушылық процестерді қамтиды; 20) қызметтерге тікелей қолданысқа енгізілген активтер - белгілі бір қызмет ұсынуға тікелей себеп-салдарлық байланысы бар, сондықтан да белгілі бір қызметке тікелей және бірмәнді жататын қолданысқа енгізілген активтер; 21) қызметтерге тікелей шығындар - белгілі бір қызметпен тікелей себеп-салдарлық байланысы бар, сондықтан да белгілі бір қызметке тікелей және бірмәнді жататын шығындар; 22) өндірістік процестер - нәтижесі қызметтер көрсету болып табылатын процестер; 23) себеп-салдарлық байланыс - бұл шығындардың, кірістер мен қолданысқа енгізілген активтердің себептерін, сондай-ақ олардың белгілі бір қызмет түрлеріне әсерінің дәрежесін алдын ала зерттеу негізінде белгіленген байланыс. Себеп-салдарлық байланыс қызметтердің түрлері бойынша кірістерді, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлу үшін пайдаланылады; 24) сыртқы қызметтер - әуежай сыртқы пайдаланушыларға ұсынатын қызметтер; 25) сыртқы пайдаланушылар - әуежай қызметін тұтынушылар болып табылатын заңды және жеке тұлғалар; 26) кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебі – реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша және тұтастай өзге қызмет бойынша жеке кірістер, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтер туралы ақпаратты жинау және қорыту жүйесі; 27) трансферттік таксалар - көрсетілген ішкі қызметтердің бірлігіне арналған шығынның құндық көрінісі; 28) трансферттік төлемдер - көрсетілген ішкі қызметтер көлемінің құндық көрінісі; 29) уәкілетті орган - табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 30) шығын факторы - шығындарды бөлу үшін пайдаланылатын және қызметтер түрлеріне қолданысқа енгізілген активтер дәрежесінің сандық көрсеткіші (көрсеткіштері); 31) қолданысқа енгізілген активтер - әуежайлар саласында қызметтер көрсету үшін пайдаланылатын әуежайдың негізгі құралдары мен материалдық емес активтері; 32) ішкі (трансферттік) қызметтер - әуежай қызметінің бір бағыты қызметтің екінші бағытына ұсынатын сыртқы қызметтер ұсынудың құрамдас бөлігі болып табылатын қызметтер; 33) экономикалық ресурстар - өндірістік-шаруашылық қызметінде пайдаланылатын, табиғи (шикізат геофизикалық), еңбек (адам капиталы), капиталдық (жеке капитал - негізгі қаражаттар), айналым қаражаттары (материалдар), ақпараттық ресурстар, қаржылық (ақша капиталы), ресурстар болып бөлінетін көздердің, қаражаттардың жиынтығы. Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолда­нылады. 7. Кірістерді, шығындарды бөлу және қолданысқа енгізілген активтерді реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша айқындау үшін әуежайлардың кірістері, шығындары мен қолданысқа енгізілген активтері қызмет бағыттары бойынша топтастырылады. Кірістерді, шығындарды бөлу және активтердің қолданысқа енгізілуін айқындау әуежайлар ұсынатын қызметтерді ұсынуының барлық кезеңдерін бірізділікті бөлу негізінде жүргізіледі. 8. Әуежайлардың бөлек есепті жүргізу мақсаттары үшін мынадай қызмет бағыттары бөлінеді: 1) авиациялық қызмет; 2) әуежайлық қызмет; 3) аэронавигациялық қызмет көрсету; 4) агенттік қызмет көрсету; 5) өзге қызмет. 9. «Авиациялық қызмет» қызмет бағыты, егер әуежай өзіне әуежайдың және әуе тасымалдаушы функциясын қоса атқаратын авиа кәсіпорындардың құрамына кірген жағдайда, қызметтің жеке бағытына бөлінеді. 10. Қызметтің бағыттары бойынша топтастырылған кірістер, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтер бөлек есептің мақсаты үшін ұсынылатын қызметтердің түрлері бойынша бөлінеді. 2. Кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін жүргізу тәртібі 11. Субъектілердің бөлек есепті жүргізуі Қаржылық Есептіліктің Халықаралық Стандарттарына (ҚЕХС) сәйкес қабылданған бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаттарына негізделеді. Бөлек есептің мақсаттары үшін ҚЕХС түсіндіру кезінде ақпараттың бастапқы және неғұрлым шынайы көзі Қаржылық есептілікті пайымдау жөніндегі халықаралық комитеттің түсіндіруі (IFRIC), бухгалтерлік есеп және аудит мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Сараптама Кеңесінің ұсынымдары болып табылады. 12. Бөлек есепті жүргізу кезінде субъектілер мынадай талаптарды орындауға тиіс: 1) әуежайлар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатқызылған барлық өндірістік көрсеткіштер, кірістер мен шығыстар тиісті есептік құжаттармен расталуға тиіс; 2) жазбалар олардың шолуын, аудитін және өзара бақылайтын құжаттар деректерінің салыстыруын жеңілдететін нысанда ұйымдастырылуға тиіс; 3) егер бухгалтерлік және статистикалық есептік құжаттарда ақпарат толық мөлшерде ұсыныл­маған болса, онда ол ақпаратты толықтыратын құжаттарға тоғыспалы сілтемелермен бекітілуге тиіс. 13. Бөлек есепті және қызметтердің заттай өндірістік көрсеткіштерін, көлемдік заттай көрсеткіштерін және заттай көрсеткіштердің бірліктеріне үлестік шығыстар мен кірістердің калькуляциясын жүргізу және заңнамада көзделген өзге мақсаттар үшін осы Қағидаларға сәйкес пайдаланылатын бухгалтерлік, статистикалық (өндірістік) және өзге де есептілік құжаттары, статистикалық деректер, жұмыс құжаттары мен есептер бес жыл бойы сақталуға тиіс. 14. Осы Қағидаларда белгіленген кірме жолдарының реттеліп көрсетілетін қызметтерінің түрлері бойынша кірістер, шығыстар мен қолданысқа енгізілген активтер бойынша бөлек есебін жүргізу туралы мәліметтер (бұдан әрі – Мәліметтер) 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда күнтізбелік бір жылға тең кезеңге жасалады. 15. Субъектілер уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей: - осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша экономикалық ресурстарға шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлген кезде пайдаланылатын шығын факторларының негізгі тізбесін; - осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша қызметтер көрсету процестерінің және пайдаланылатын шығындар мен құнның шығын факторларының (жанама бөлу үшін) үлгі тізбесін; - осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша қызметтер көрсетудің өндірістік және басқарушылық процестеріне қызметтер көрсетудің көмекші процестерін бөлген кезде пайдаланылатын шығын факторларының ең аз тізбесін; - осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша сыртқы қызметтерге және қызмет бағыттарының элементтеріне қызметтер көрсетудің өндірістік процестерін бөлген кезде пайдаланылатын шығын факторларының ең аз тізбесін; - осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша қызмет бағыттарының элементтеріне, сыртқы және ішкі қызметтерге топтастырылған шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді жанама бөлген кезде пайдаланылатын шығын факторларының ең аз тізбесін; - осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша ішкі қызметтерді көрсетуге байланыс­ты шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді сыртқы қызметтерге тікелей жатқызу және жанама бөлуді; - осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша сыртқы қызметтер көрсету кезеңдері бойынша шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің жиынтықтамасын; - осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша әуежайлар саласында қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектілерінің экономикалық ресурстардың түрлері бойынша шығын­дар мен қолданысқа енгізілген активтерді тікелей жатқызу мен жанама бөлу туралы мәліметтер; - осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша әуежайлар саласында қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектілерінің экономикалық ресурстарға қызметтер көрсетудің тиісті процестеріне топтастырылған шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді тікелей жатқызу және жанама бөлу туралы мәліметтер; - осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша әуежайлар саласында қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектілерінің қызметтер көрсетудің өндірістік және басқарушылық процестеріне қызметтерді көрсетудің көмекші процестеріне қатысты шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерін тікелей жатқызу және жанама бөлу туралы мәліметтер; - осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша әуежайлар саласында қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектілерінің сыртқы қызметтерінің және қызмет бағыттарының элементтеріне қызметтер көрсетудің өндірістік процестеріне байланысты шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді тікелей жатқызу мен жанама бөлу туралы мәліметтер; - осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша әуежайлар саласында қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектілерінің қызмет бағыттарының элементтеріне қызметтер көрсетудің басқарушылық процестеріне байланысты шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді тікелей жатқызу мен жанама бөлу туралы мәліметтер; - осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша әуежайлар саласында қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектілерінің сыртқы және ішкі қызметтерге қызмет бағыттары элементтерінің шығындары мен қолданысқа енгізілген активтерін тікелей жатқызу мен жанама бөлу туралы мәліметтер; - осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша әуежайлар саласында қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектілерінің сыртқы қызметтерге қызметтер көрсетудің өзге басқарушылық процестеріне байланысты бірлескен және жалпы шығындарын тікелей жатқызу және жанама бөлу туралы мәліметтер; - осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша әуежайлар саласында қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектілерінің сыртқы қызметтерге ішкі қызметтер көрсетуге байланысты шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлу туралы мәліметтер; - осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша әуежайлар саласында қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектілерінің сыртқы қызметтерге кірістерді, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді қорытынды бөлу туралы мәліметтер; - осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша әуежайлар саласында қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектілерінің қызмет бағыттары бойынша табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді жиынтықты бөлу туралы мәліметтерді және ҚЕХС-қа сәйкес жасалған аудиттелген қаржылық есептілікті ұсынады. 16. Бөлек есепті жүргізудің негізгі қағидаттары: 1) ұсынылған ақпараттан түскен пайданың және оны алуға арналған шығындардың арасындағы теңгерім; 2) есептіліктің негізгі мақсатын орындау үшін сапалы сипаттамалар арасындағы теңгерім. 17. Бөлек есеп кезінде шығындарды бөлу өлшемдері: 1) себеп-салдар байланысы; 2) әділеттілік болып табылады. 18. Реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша кірістерді бөлу Қағидалардың 5-тармағында белгіленген бөлек есептің негізгі қағидаттары ескеріле отырып жүргізіледі. Реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түрін ұсынудан түскен кірістер сыртқы пайдаланушыларға қызметтердің аталған түрлері көрсетілген қызметтер мен тарифтердің тиісті түрлерінің көлемдеріне сүйене отырып айқындалады. 19. Қызметтер көрсетуден түскен кірістер бастапқы құжаттардың деректері негізінде реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша және тұтастай өзге қызмет бойынша тікелей жатады. 20. Сыртқы пайдаланушыларға реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түрін ұсыну жөніндегі шығындар «Аэронавигациялық қызмет көрсету» қызметі бағыты көрсеткен ішкі қызметтер үшін трансферттік төлемдерді қоса алғанда, «Әуежайлық қызмет» қызметі бағытының реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тиісті түрлерін көрсетуге және өткізуге байланысты шығындардан жинақталады. Трансферттік төлемдер, егер реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну кезінде ішкі қызметтер көрсетілген жағдайда ескеріледі. 21. Өзге қызмет бойынша қызметтер ұсыну жөніндегі шығындар ішкі қызметтер үшін трансферттік төлемдерді қоса алғанда,тиісті қызмет түрлерін көрсетуге және өткізуге байланысты шығындардан жинақталады. Трансферттік төлемдер, егер реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну кезінде ішкі қызметтер көрсетілген жағдайда ескеріледі. 22. «Әуежайлық қызмет» қызметі бағыты көрсететін реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша қолданысқа енгізілген активтерге реттеліп көрсетілетін қызметтердің тиісті түрлерін көрсетуге және өткізуге байланысты қолданысқа енгізілген активтер, сондай-ақ қызметтердің реттеліп көрсетілетін түрлерін ұсынуға қажетті «Аэронавигациялық қызмет көрсету» қызметі бағыты көрсететін ішкі қызметтер түрлері бойынша қолданысқа енгізілген активтер жатады. Ішкі қызметтердің түрлері бойынша қолданысқа енгізілген активтер, егер Реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну кезінде ішкі қызметтер пайдаланылған жағдайда ескеріледі. 23. Тұтастай өзге қызмет бойынша қолданысқа енгізілген активтерге өзге қызметтің тиісті түрлерін көрсетуге және өткізуге байланысты қолданысқа енгізілген активтер, сондай-ақ өзге қызмет көрсетуге қажетті ішкі қызметтердің түрлері бойынша қолданысқа енгізілген активтер жатады. Ішкі қызметтің түрлері бойынша қолданысқа енгізілген активтер, егер өзге қызмет бойынша қызметтер ұсыну кезінде ішкі қызметтер пайдаланылған жағдайда ескеріледі. 3. Кірістерді, шығындардың және қолданысқа енгізілген активтерді қызмет бағыттарының элементтері бойынша бөлу 24. «Авиациялық қызмет» қызметі бағыты халықаралық, ішкі авиа тасымалдарды жүзеге асыруға байланысты қызметтер көрсету, авиацияны экономикада қолдану процестерін қамтиды. «Авиациялық қызмет» қызметі бағыты ішкі және сыртқы қызметтер көрсетеді. Сыртқы қызметтерге тапсырыс бкрушілердің (ауыл шаруашылығында, құрылыста, экспеди­цияларға қызмет көрсетуде) технологиялық және өндірістік процестерін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ эксперименттік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін экономиканың жекелеген салаларында авиация құралдарымен орындалатын мамандандырылған операцияларды орындауға байланысты қызметтер жатады. Ішкі қызметтер «Агенттік қызмет көрсету» қызметң бағытына көрсетіледі. Ішкі қызметтерге оларды одан әрі сыртқы пайдаланушыларға сату мақсатында көрсетілетін қызметтер: халықаралық авиа тасымалдарды жүзеге асыруға байланысты қызметтер; ішкі авиа тасымалдарды жүзеге асыруға байланысты қызметтер жатады. «Авиациялық қызмет» қызметі бағытының кірістері сыртқы қызметтер көрсетуден және «Агенттік қызмет көрсету» қызметі бағытына көрсетілген ішкі қызметтер үшін трансферттік төлемдерден түскен кірістерден жинақталады. Сыртқы қызметтер көрсеткені үшін кірістер жоғарыда аталған қызметтерді көрсету бойынша тиісті қызметтер мен бағалар көлемдеріне байланысты айқындалады. Ішкі қызметтер үшін трансферттік төлемдер көрсетілген қызметтердің көлеміне және осындай қызметтер көрсетілген трансферттік таксаларға байланысты айқындалады. «Авиациялық қызмет» қызметі бағытының шығындары осы қызмет бағытының қызмет көрсету процестерін және «Аэронавигациялық қызмет көрсету», «Әуежайлық қызмет» қызмет бағыттары көрсеткен ішкі қызметтер үшін трансферттік төлемдерді қамтамасыз етуге байланысты шығындардан жинақталады. «Авиациялық қызмет» қызметі бағытының қолданысқа енгізілген активтері осы қызмет бағытының элементтеріне (негізгі және қосалқы жабдық, өзге жабдық, үй-жай және құрылыс, инфрақұрылымдар элементтер, сондай-ақ қызмет бағытының тиісті элементтерімен байланысты материалдық емес активтер) топтастырылған активтерден тұрады. 25. «Авиациялық қызмет» қызметі бағыты мыналармен: ұшуларды әуеайлақтық-техникалық қамтамасыз етумен; ұшуларды радиотехникалық қамтамасыз етумен; әуе кемелерін инженерлік-авиациялық қызмет көрсетумен; ұшуларды метеорологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастырумен; ұшуларды орнитологиялық қамтамасыз етумен; ұшуларды медициналық қамтамасыз етумен; қызметтер тұтынушыларымен жұмыс жасаумен (шарттарды, шоттарды ресімдеумен) байланыс­ты қызметтер көрсету процестерін қамтиды. Қызметтің осы бағыты ішкі және сыртқы қызметтер ұсынады. Ішкі қызметтерге: «Авиациялық қызмет» қызметі бағытына әуе кемелеріне жедел техникалық қызмет көрсету, ұшақ­тарға, тікұшақтарға, қозғалтқыштарға және басқа авиация техникасына кезеңдік техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ «Әуежайлық қызмет» қыз­меті бағыты сыртқы пайдаланушыларға сыртқы қызметтер ретінде көрсететін қызметтердің басқа түрлері; «Авиациялық қызмет» және «Аэронавигациялық қызмет көрсету» қызметі бағыттары көрсететін электр энергиясын беру және тарату, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау жөніндегі қызметтер; «Өзге қызмет» қызметі бағыты оларды одан әрі сыртқы пайдаланушыларға байланыс қызметтерінің түрінде өткізу мақсатында көрсетілетін қызметтер, электр энергиясын беру және тарату жөніндегі қызметтер мен ұшуларды электрмен жарық беруді техникалық қамтамасыз ету қызметінің жоғары вольтті зертхана жұмыстары жатады. Сыртқы қызметтерге: авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер; әуе кемелерінің ұшу-қону жөніндегі қызметтер; ішкі әуе желілерінің және халықаралық әуе желілерінің жолаушыларына қызмет көрсету жөніндегі қызметтер; ішкі әуе желілерінің және халықаралық әуе желілерінің жүктерін, почталарын, нормативтен артық жүкті өңдеу жөніндегі қызметтер; әуе кемелерін қарсы алуды - шығаруды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер; әуе кемелеріне транзиттік нысан бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметтер; авиациялық жанар-жағар материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер; арнайы автокөліктік құралдарды ұсыну жөніндегі қызметтер жатады. «Әуежайлық қызмет» қызмет бағытының кірістері сыртқы қызметтер көрсеткені үшін түскен кірістерден және «Авиациялық қызмет», «Аэронавигациялық қызмет көрсету» және «Өзге қызмет» қызметі бағыттары көрсеткен ішкі қызметтер үшін ішкі трансферттік төлемдерден жинақталады. «Әуежайлық қызмет» қызметі бағытының шығындары осы қызмет бағытының қызмет көрсету процестерін қамтамасыз етуге байланысты шығындардан және «Аэронавигациялық қызмет көрсету» қызметі бағыты көрсеткен ішкі қызметтер үшін трансферттік төлемдерден жинақталады. «Әуежайлық қызмет» қызметі бағытының қолданысқа енгізілген активтері осы қызмет бағытының элементтеріне (жабдық, үй-жай және құрылыс, инфрақұрылым элементтері, сондай-ақ осы қызмет бағытының тиісті элементтеріне байланысты материалдық емес активтер) топтастырылған активтерден тұрады. 26. «Аэронавигациялық қызмет көрсету» қызметі бағыты мыналармен: әуе қозғалысын жоспарлаумен, үйлестірумен, қызмет көрсетумен; аэронавигациялық жабдықты пайдаланумен байланысты қызметтер көрсету процестерін қамтиды. Осы қызмет бағыты сыртқы және ішкі қызметтер ұсынады. Сыртқы қызметтерге әуе трассаларында және халықаралық әуе желілерінде аэронавигациялық қыз­мет көрсету қызметтерін ұсыну жөніндегі сыртқы пайдаланушыларға көрсетілетін қызметтер жатады. Ішкі қызметтерге «Авиациялық қызмет» және «Әуежайлық қызмет» қызмет бағыттары көрсететін аэронавигациялық қызмет көрсету жөніндегі қызметтер жатады. «Аэронавигациялық қызмет көрсету» қызметі бағытының кірістері сыртқы қызметтер көрсету үшін алынған кірістерден және «Авиациялық қызмет» пен «Әуежайлық қызмет» қызметі бағыттары көрсеткен ішкі қызметтер үшін трансферттік төлемдерден жинақталады. «Аэронавигациялық қызмет көрсету» қызмет бағытының шығындары осы қызмет бағытының қызметтер көрсету процестерін қамтамасыз етуге байланысты шығындардан және «Әуежайлық қызмет» қызметі бағыты көрсеткен ішкі қызмет үшін трансферттік төлемдерден жинақталады. «Аэронавигациялық қызмет көрсету» қызметі бағытының қолданысқа енгізілген активтері осы қызмет бағытының элементтеріне (негізгі және қосалқы жабдық, өзге жабдық, үй-жай және құрылыс, инфрақұрылымдар элементтері, сондай-ақ қызмет бағытының тиісті элементтерімен байланысты материалдық емес активтер) топтастырылған активтерден тұрады. 27. «Агенттік қызмет көрсету» қызметі бағыты жолаушыларға билеттер сатуға байланысты қызметтер көрсету процестерін қамтиды. Осы қызмет бағыты сыртқы пайдаланушыларға көрсетілетін қызметтерді ұсынады, оған: халықаралық авиа тасымалдарға билеттер сатуға байланысты қызметтер; ішкі авиа тасымалдарға билеттер сатуға байланысты қызметтер жатады. «Агенттік қызмет көрсету» қызметі бағытының кірістері сыртқы қызметтер көрсетуден алынған кірістерден жинақталады, олар жоғарыда аталған қызметтер көрсетілген тиісті қызметтердің көлемдеріне және бағаларына байланысты айқындалады. «Агенттік қызмет көрсету» қызметі бағытының шығындары осы қызмет бағытының қызметтер көрсету процестерін қамтамасыз етуге байланысты шығындардан және «Авиациялық қызмет» қызметі бағыты көрсеткен ішкі қызметтер үшін трансферттік төлемдерден жинақталады. «Агенттік қызмет көрсету» қызметі бағытының қолданысқа енгізілген активтері осы қызмет бағытының элементтеріне (жабдық, үй-жай және құрылыс, инфрақұрылымдар элементтері, сондай-ақ осы қызмет бағытының тиісті элементтеріне байланысты материалдық емес активтер) топтастырылған активтерден тұрады. 28. «Өзге қызмет» қызметі бағыты өзге қызметтерді жүзеге асыруға байланысты қызметтер көрсету процестерін қамтиды. Осы қызмет бағыты сыртқы қызметтер ұсынады. «Өзге қызмет» қызметі бағытының кірістері сыртқы қызметтер көрсетуден алынған кірістерден жинақталады, олар жоғарыда аталған қызметтер көрсетілген тиісті қызметтердің көлемдеріне және бағаларына байланысты айқындалады. «Өзге қызмет» қызметі бағытының шығындары осы қызмет бағыты көрсеткен қызметтер процестерін қамтамасыз етуге байланысты шығындардан және «Әуежайлық қызмет» қызметі бағыты көрсеткен ішкі қызметтер үшін трансферттік төлемдерден жинақталады. «Өзге қызмет» қызметі бағытының қолданысқа енгізілген активтері осы қызмет бағытының элементтеріне (жабдық, үй-жай және құрылыс, инфрақұрылымдар элементтері, сондай-ақ осы қызмет бағытының тиісті элементтеріне байланысты материалдық емес активтер) топтастырылған активтерден тұрады. 4. Шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлу тәртібі 29. Бөлек есеп жүргізу мақсатында амортизациялық аударымдардан басқа шығындар және қолданысқа енгізілген активтер тікелей, жанама, бірлескен және жалпы болып бөлінеді. Амортизациялық аударымдарды реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша қолданысқа енгізілген активтерге бөлу қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебі деректерінің негізінде жүргізіледі. 30. Шығындарды бөлу және қолданысқа енгізілген активтердің дәрежесін айқындау үшін қызметтің тиісті бағыттарымен және әуежайлар ұсынған қызметтермен шығындардың және қолданысқа енгізілген активтердің себеп-салдарлық байланысы негізінде бөлу әдісі пайдаланылады. Бқл ретте шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің әрбір қызмет бағыты бойынша ресурстармен себеп-салдарлық байланысы және осы ресурстардың әуежайлар ұсынатын қызметтермен себеп-салдарлық байланысы белгіленеді. 31. Осы Қағидалардың 1-қосымшасаны сәйкес әуежайлар көрсететін қызметтер түрлеріне шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлу процесі кезең-кезеңмен жүзеге асырылады: 1-кезең. Шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді шығындарм, қолданысқа енгізілген активтер және экономикалық ресурстар (шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді экономикалық ресурстарға бөлу кезінде пайдаланылатын шығын факторларының негізгі тізбесі осы Қағидалардың 2-қосымшасында келтірілген) арасындағы тікелей және жанама байланыстарды айқындау жолымен экономикалық ресурстар бойынша топтастыру жүзеге асырылады. Шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді экономикалық ресурстарға тікелей жатқызу шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің осындай экономикалық ресурстармен тікелей байланысы болған кезде жүзеге асырылады. Шығындар, қолданысқа енгізілген активтер және экономикалық ресурстар арасындағы жанама байланыстар болған жағдайда, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді экономикалық ресурстарға жанама бөлу шығын факторларының негізінде жүзеге асырылады. 2-кезең. Экономикалық ресурстарға және қызметтер көрсетудің тиісті процестерімен (өндірістік, қосалқы, басқарушылық) топтастырылған шығындар, қолданысқа енгізілген активтер арасындағы тікелей және жанама байланыстар айқындалады. Анықталған байланыстардың нег