• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
20 Ақпан, 2014

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бұйрығы №06-7/187

264 рет
көрсетілді

2013 жылғы 25 желтоқсан,  Астана қаласы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Персоналды басқару тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының «Персоналды басқару тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы» 2012 жылғы 16 қаңтардағы  № 02-01-02/9 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітіл­ген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесінің 45-тармағын орындау үшін бұйырамын: 1. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Персоналды басқару тиімділігін бағалау әдістемесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының «Персоналды басқару тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы» 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 02-01-02/9 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7384 болып тіркелген, 2012 жылғы 3 шілдедегі № 209-210 (27028-27029) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін: Аталған бұйрықпен бекітілген Персоналды басқару тиімділігін бағалау әдістемесін осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет персоналын басқару бөлімі (Сәрсенов Ж.Ш.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді және кейіннен оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Төраға А.БАЙМЕНОВ. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 06-7/187 бұйрығына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Персоналды басқару тиімділігін бағалау әдістемесі 1. Жалпы ережелер 1. Персоналды басқару тиімділігін бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесін (бұдан әрі – Жүйе) іске асыру мақсатында әзірленген. 2. Әдістеме Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) персоналды басқару жөніндегі шаралардың тиімділігін анықтауға арналған. 3. Персоналды басқару тиімділігін бағалауды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) жүзеге асырады. Ұлттық Банкі мен оның бөлімшелері және ведомстволары персоналды басқару тиімділігін бағалау объектісі болып табылады. 4. Персоналды басқару тиімділігін бағалауды өткізу үшін Агенттікте орталық мемлекеттік және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жөніндегі Сараптамалық комиссияның кіші тобы болып табылатын жұмыс тобы (бұдан әрі – Жұмыс тобы) құрылады. Жұмыс тобының құрамы Агенттіктің бұйрығымен бекітіледі. 5. Персоналды басқару тиімділігін бағалау есепті (күнтізбелік) жылдың қорытындылары бойынша жыл сайын Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі бекіткен Кестеге (бұдан әрі – Кесте) сәйкес жүзеге асырылады. 6. Персоналды басқару тиімділігін бағалауды өткізу үшін ақпаратты Агенттікке Ұлттық Банкінің орталық аппараты кестесіне сәйкес қағаз және электрондық тасымалдағыштарда ұсынады. 7. Персоналды басқару тиімділігін бағалау нәтижелері туралы қорытынды Агенттікпен Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірленеді. Персоналды басқару тиімділігін бағалау нәтижелері туралы қорытындыларды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға және бағаланушы органдарға ұсынылады. 8. Персоналды басқару тиімділігін бағалау Агенттікке осы Әдістемеге 3-11 қосымшаларға сәйкес Ұлттық Банк жолдаған ақпаратты талдау, Ұлттық Банктің қызметкерлері арасында сауалнама жүргізу арқылы жүргізіледі. 9. Мыналар персоналды басқару тиімділігін бағалау үшін ақпарат көздері болып табылады: 1) Ұлттық Банкінің статистикалық деректері және автоматтандырылған электрондық өткізу жүйесінің мәліметтері; 2) осы Әдістеменің өлшемдеріне сәйкес келетін бағыттар бойынша уәкілетті органдар жүргізген тексерістердің барысында алынған мәліметтер; 3) Ұлттық Банкінің қызметшілеріне жүргізілген сауалнамалардың нәтижелері; 4) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің ақпараты. 10. Жүйенің 51 тармағына сәйкес Агенттік Ұлттық Банктің есептік ақпараттарындағы мәліметтерге қайта тексеру жүргізеді. 11. Ұлттық Банктің персоналды басқару тиімділігін бағалау мынадай өлшемдер бойынша іске асырылады: 1) адам ресурстарын пайдалану тиімділігі; 2) Ұлттық Банк қызметшілерін кәсібилендіру деңгейі; 3) сыбайлас жемқорлық деңгейі; 4) Ұлттық Банк қызметшілерінің қанағаттану деңгейі; 5) Ұлттық Банктің кадр қызметінің жұмыс тиімділігі. 12. Персоналды басқару тиімділігін бағалау үшін өлшемдер мен көрсеткіштер бойынша баллдар Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес беріледі. 2. «Адам ресурстарын пайдаланудың тиімділігі» өлшемі 13. Осы өлшем бойынша бағалау орталық мемлекеттік органдар осы Әдістемеге 3, 4, 5, 6-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша ұсынатын ақпарат негізінде жүргізіледі. 14. Баға мына формуламен есептеледі: К1 = Р1 + Р2 + Р3 + Р4 К1 – осы өлшем бойынша Ұлттық Банктің бағасы; Р1 – «кадрлардың ауысушылығы деңгейі» көрсеткіші; Р2 – «Ұлттық Банк штатының жасақталуы» көрсеткіші; Р3 –«Ұлттық Банк қызметшілерін жоғарылату» көрсеткіші; Р4 – «Ұлттық Банкте нақты жұмыс уақытының ұзақтығы» көрсеткіші. Осы өлшем бойынша ең жоғарғы мәні 34 балл болып саналады. 15. «Кадрлардың ауысушылығы деңгейі» көрсеткіші бойынша баға мына формуламен есептеледі: P1 = k – алынған нәтижелерді өлшем мәніне келтіруге арналған коэффициент (14-ке тең); a – есепті кезеңде жұмыстан шығарылған қызметшілер саны; b – Ұлттық Банктің штат кестесіне сәйкес лауазымдар саны; 5 – қатаңдық көрсеткіші. Ауысу бойынша бағалауды есептеген кезде төмендегідей жағдайда жұмыстан шығарылған қызметшілер есептелмейді: зейнетке шығуына байланысты; Ұлттық Банктің қайта құрылуы немесе штаттың қысқартылуына байланысты; ауруға, қайтыс болуына байланысты; саяси қызметке тағайындалуына байланысты; негізгі қызметкердің жұмысқа шығуына байланысты (бала күтіміне байланысты демалыстан, мемлекеттік тапсырыс немесе шетелде кадрлар даярлау бойынша Республикалық комиссия бекіткен басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлау мемлекеттік бағдарламалары бойынша оқу оқуына байланысты еңбекақысы сақталмайтын демалыстан). Сонымен бірге, Ұлттық Банк жүйесінде (орталық аппараттан өкілдіктерге және ведомстволарға, өкілдіктер және ведомстволардан орталық аппаратқа) жұмыстан босатылған қызметшілер де есептелмейді. Егер Ұлттық Банктен саяси мемлекеттік қызметшілер (төраға, төрағаның орынбасарлары) ауысқаннан кейін өз еркімен жұмыстан шыққан басшылық қызметтегі қызметшілер (комитеттер төрағалары және олардың орынбасарлары, департамент директорлары және олардың орынбасарлары, жеке басқармалардың басшылары және орынбасарлары) саны 3%-тен жоғары болса (тоқсан қорытындысы бойынша), онда 3 балл алынып тасталады. Егер алынған нәтиже минус белгісімен болса, осы көрсеткіш бойынша 0 мәні қойылады. Осы көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мәні 14 балл болып саналады. 16. «Ұлттық Банк штатының жасақталуы» көрсеткіші бойынша баға мына формуламен есептеледі: S>5 болған жағдайда 1) формула қолданады: P2 = k k – алынған нәтижелерді өлшем мәніне келтіруге арналған коэффициент (8-ге тең); a – бос лауазым орындарынан пайда болған, оның ішінде қызметшілердің ұзақ мерзімді оқуға немесе бала күтімі демалысына кету себептері бойынша (бос лауазым орындарды толтыру үшін өткізілген конкурстың 22 күнін қоспағанда) адамға арналған күндердің саны; b – Ұлттық Банк қызметшілерінің науқас болуы себебімен лауазымдар бос болған күндердің саны (жүкті болған мерзімі 20 аптадан астам аяғы ауыр әйелдердің уақытша еңбекке жарамсыздығына байланысты жұмыста болмау себебімен, өндірістік жарақаттануына байланысты уақытша еңбекке жарамсыздығы, қызметкерлердің онкологиялық аурумен науқастануына орай уақытша еңбекке жарамсыздығына, сондай-ақ «Екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін ауру түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 желтоқсандағы № 1171 Қаулысына сәйкес, жеке тізіммен анықталған өзге де аурулар) және басқа себептермен (жалақы сақталмайтын демалыс, жұмыстан шеттету). Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көрсетілген негізде қызметкелердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысында, іссапарда, жүктілікке және босануға байланысты демалыста, жалақысы сақталмайтын демалыста болуы бес күнтізбелік күнге дейін бұл күндердің санына кірмейді. c – адамға арналған күндердің жалпы саны. 10 – бағалау қатаңдығының көрсеткіші. Адамға арналған күндердің жалпы саны мына формула арқылы анықталады: с = m * n m – Ұлттық Банктің орташа штат саны; n – жыл ішіндегі жұмыс күндерінің саны. Орташа штат саны Ұлттық Банктің бірінші тоқсаннан бастап төртінші тоқсанға дейінгі қоса есептелетін штат саны сомасының орташа мәні ретінде анықталады (әрі қарай мәтін бойынша – орташа штат саны). S<немесе=5 болған жағдайда, мынадай формула қолданады: P2 = k S коэффициентін есептеуге мына формула қолданады: S = S коэффициенті арқылы орташа әр қызметшіге келетін науқаспен және басқа себептермен байланысты бос күндер саны есептеледі. Бұл коэффициент үшін шекті өлшем 5 жұмыс күнге тең. Егер алынған нәтиже минус белгісімен болса, осы көрсеткіш бойынша 0 мәні қойылады. Осы көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мәні 8 балл болып саналады. 17.«Ұлттық Банктің қызметшілерін жоғарылату» көрсеткіші бойынша баға мына формуламен есептеледі: Р3 = k k – алынған нәтижелерді өлшем мәніне келтіруге арналған коэффициент (5-ке тең); a – Ұлттық Банк қызметшілері ішінен жоғары лауазымға тағайындалған қызметшілердің саны; b – Ұлттық Банкте ауысу тәртібімен тағайындалған қызметшілердің жалпы саны. Егер бос жоғары лауазымдардың болмауына байланысты Ұлттық Банкте жоғары лауазымға тағайындау жүргізілмесе, осы көрсеткіш бойынша 3 балл қойылады. Осы көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мәні 6 балл болып саналады. 18. «Ұлттық Банкте нақты жұмыс уақытының ұзақтығы» көрсеткіші бойынша баға мына формуламен есептеледі: Р4 = k (2 – a/b) k – алынған нәтижелерді өлшем мәніне келтіруге арналған коэффициент (6-ға тең); a – Ұлттық Банкте орташа адам-сағат саны; b – есептік кезеңде еңбек заңнамасымен белгіленген жұмыс уақытының жалпы ұзақтығы (аптасына 40 сағат). Орташа адам-сағат мына формуламен есептеледі: а = m / n m – есептік кезеңде Ұлттық Банк қызметшілерінің жұмыс істеген жалпы адам-сағаты, оның ішінде мерзiмiнен тыс, мереке және демалыс күндердегi жұмыс (Ұлттық Банктің Төрағасы және оның орынбасарларының жазбаша өкiмi бойынша қызметшілердің жұмыс істеген адам-сағаттарын қоспағанда, егер өкімдерді растайтын жазбаша құжаттардың болcа, сондай-ақ артық жұмыс үшін өтемақы төлемдері төленсе); n – Ұлттық Банктің орташа штат саны. Есептік кезеңде Ұлттық Банк қызметшілерінің жұмыс істеген жалпы адам-сағаты автоматтандырылған электрондық өткізу жүйесінің мәліметтері арқылы есептелетін болады. Осы көрсеткіш бойынша Ұлттық Банктің бөлімшелері және ведомстволары 2015 жылдан бастап бағаланатын болады. Автоматтандырылған электрондық өткізу жүйесі болмаған жағдайда, Ұлттық Банкке осы көрсеткіш бойынша 0 мәні қойылады. Егер алынған нәтиже минус белгісімен болса, осы көрсеткіш бойынша 0 мәні қойылады. Осы көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мәні 5 балл болып саналады. 3. «Ұлттық Банк қызметшілерін кәсібилендіру деңгейі» өлшемі 19. Осы өлшем бойынша бағалау осы Әдістемеге 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ұлттық Банктің біліктілігін арттыруға тиіс және біліктілікті арттырудан өткен қызметшілер туралы ұсынатын ақпарат негізінде жүргізіледі. 20. Бағалау мына формула бойынша есептеледі: К2 = Р1 К2 – органның осы өлшем бойынша бағасы; Р1 – «Ұлттық Банк қызметшілерінің біліктілікті арттырудан өтуі» көрсеткіші; Осы өлшем бойынша ең жоғарғы мәні 10 балл болып саналады. 22. «Ұлттық Банк қызметшілерінің біліктілікті арттырудан өтуі» көрсеткіші бойынша баға мына формуламен есептеледі: P1 = k k – алынған нәтижелерді өлшем мәніне келтіруге арналған коэффициент (10-ға тең); a – есепті кезеңде өтуге тиістілер ішінен біліктілікті арттырудан өткен Ұлттық Банк қызмет­шілерінің саны; b – есепті кезеңде біліктілікті арттырудан өтуге тиісті Ұлттық Банк қызметшілерінің саны. Біліктілікті арттыруға тиісті Ұлттық Банктің қызметшілері болмаған жағдайда, осы көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мәні қойылады. Осы көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мәні 10 балл болып саналады. 4. «Сыбайлас жемқорлық деңгейі» өлшемі 22. Осы өлшем бойынша бағалау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің ақпараты негізінде жүргізіледі. 23. Бағалау мына формула бойынша есептеледі: К3 = Р1 + Р2 + P3 К3 – аталған өлшем бойынша органның бағасы; Р1 – «сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталған қызметшілердің, оның ішінде қылмыс жасаған уақытта Ұлттық Банктің қызметшілері болғандар саны» көрсеткіші; Р2 – «сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған қызметшілердің, оның ішінде құқықбұзушылық жасаған уақытта Ұлттық Банктің қызметшілері болғандар саны» көрсеткіші; Р3 – «сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған қызметшілердің саны» көрсеткіші. Осы өлшем бойынша ең жоғарғы мәні 18 балл болып саналады. 24. «Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталған қызметшілердің, оның ішінде қылмыс жасаған уақытта Ұлттық Банктің қызметшілері болғандар саны» көрсеткіші бойынша баға мына формуламен есептеледі: P1 = 6 – 0,4 а a – сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталған қызметшілердің, оның ішінде қылмыс жасаған уақытта Ұлттық Банктің қызметшілері болғандар саны; 0,4 – бағалау қатаңдығы көрсеткіші. Егер алынған нәтиже минус белгісімен болса, осы көрсеткіш бойынша 0 мәні қойылады. Осы көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мәні 6 балл болып саналады. 25. «Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған қызметшілердің, оның ішінде құқықбұзушылық жасаған уақытта Ұлттық Банктің қызметшілері болғандар саны» көрсеткіші бойынша баға мына формуламен есептеледі: P2 = 6 – 0,3 а а – сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған қызметшілердің, оның ішінде құқықбұзушылық жасаған уақытта Ұлттық Банктің қызметшілері болғандар саны; 0,3 – бағалау қатаңдығы көрсеткіші. Егер алынған нәтиже минус белгісімен болса, осы көрсеткіш бойынша 0 мәні қойылады. Осы көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мәні 6 балл болып саналады. 26. «Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған қызметшілердің cаны» көрсеткіші бойынша баға мына формуламен есептеледі: P3 = 6 – 0,2 а а – сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған қызметшілердің саны; 0,2 – бағалау қатаңдығы көрсеткіші. Егер алынған нәтиже минус белгісімен болса, осы көрсеткіш бойынша 0 мәні қойылады. Осы көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мәні 3 балл болып саналады. 5. «Ұлттық Банк қызметшілерінің қанағаттану деңгейі» өлшемі 27. Осы өлшем бағалау Агенттіктің және оның аумақтық бөлімшелерінің Ұлттық Банк қызметшілері арасында жүргізген сауалнама нәтижелері бойынша анықталады. 28. Сауалнама анонимдік сұрау жүргізу түрінде жүзеге асырылады. Қызметшілер осы Әдістемеге 8-қосымшаға сәйкес сауалнама нысанын толтырады. Кадр қызметтері Ұлттық Банктің қызметшілеріңің сауалнамаға қатысуын қамтамасыз етеді. 29. Осы өлшем бойынша баға мына формуламен есептеледі: К4 = Р1 + Р2 + Р3 + Р4 + Р5 К4 – осы өлшемі бойынша Ұлттық Банктің бағасы; Р1 – «қызметшілердің Ұлттық Банк қызметіне қатысу дәрежесі» көрсеткіші; Р2 – «көтермелеу жүйесімен қанағаттану дәрежесі» көрсеткіші; Р3 – «мансаптық өсу мүмкіндіктерімен қанағаттану дәрежесі» көрсеткіші; Р4 – «еңбектің ұйымдастырылуымен қанағаттану дәрежесі» көрсеткіші; Р5 – «персоналды іріктеу тәртібімен қанағаттану дәрежесі» көрсеткіші. Осы өлшем бойынша ең жоғарғы мәні 20 балл болып саналады. 30. «Қызметшілердің Ұлттық Банк қызметіне қатысу дәрежесі» көрсеткіші бойынша баға мына формуламен есептеледі: P1 = k – алынған нәтижелерді өлшем мәніне келтіруге арналған коэффициент (3-ке тең); k1 – алынған нәтижелерді өлшем мәніне келтіруге арналған коэффициент (5-ке тең); a – сауалнаманың 1-сұрағына «иә» деп жауап берген қызметшілердің саны; b – сауалнаманың 2-сұрағына «иә» деп жауап берген қызметшілердің саны; d – сауалнаманың 3-сұрағына «иә» деп жауап берген қызметшілердің саны; e – сауалнаманың 4-сұрағына «иә» деп жауап берген қызметшілердің саны; f – сауалнаманың 5-сұрағына «иә» деп жауап берген қызметшілердің саны; с – сұралған қызметшілердің саны. Осы көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мәні 4 балл болып саналады. 31. «Көтермелеу жүйесімен қанағаттану дәрежесі» көрсеткіші бойынша баға мына формуламен есептеледі: P2 = k – алынған нәтижелерді өлшем мәніне келтіруге арналған коэффициент (4-ке тең); k1 – алынған нәтижелерді өлшем мәніне келтіруге арналған коэффициент (6-ға тең); а – сауалнаманың 6-сұрағына «иә» деп жауап берген қызметшілердің саны; b – сауалнаманың 7-сұрағына «иә» деп жауап берген қызметшілердің саны; d – сауалнаманың 8-сұрағына «иә» деп жауап берген қызметшілердің саны; e – сауалнаманың 9-сұрағына «иә» деп жауап берген қызметшілердің саны; f – сауалнаманың 10-сұрағына «иә» деп жауап берген қызметшілердің саны; g – сауалнаманың 11-сұрағына «иә» деп жауап берген қызметшілердің саны; с – сұралған қызметшілердің саны. Осы көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мәні 4 балл болып саналады. 32. «Мансаптық өсу мүмкіндіктерімен қанағаттану дәрежесі» көрсеткіші бойынша баға мына формуламен есептеледі: P3 = k – алынған нәтижелерді өлшем мәніне келтіруге арналған коэффициент (4-ке тең); k1 – алынған нәтижелерді өлшем мәніне келтіруге арналған коэффициент (6-ға тең); а – сауалнаманың 12-сұрағына «иә» деп жауап берген қызметшілердің саны; b – сауалнаманың 13-сұрағына «иә» деп жауап берген қызметшілердің саны; d – сауалнаманың 14-сұрағына «иә» деп жауап берген қызметшілердің саны; e – сауалнаманың 15-сұрағына «иә» деп жауап берген қызметшілердің саны; f – сауалнаманың 16-сұрағына «иә» деп жауап берген қызметшілердің саны; g – сауалнаманың 17-сұрағына «иә» деп жауап берген қызметшілердің саны; с – сұралған қызметшілердің саны. Осы көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мәні 4 балл болып саналады. 33. «Еңбектің ұйымдастырылуымен қанағаттану дәрежесі» көрсеткіші бойынша баға мына формуламен есептеледі: P4 = k – алынған нәтижелерді өлшем мәніне келтіруге арналған коэффициент (4-ке тең); k1 – алынған нәтижелерді өлшем мәніне келтіруге арналған коэффициент (4-ке тең); а – сауалнаманың 18-сұрағына «иә» деп жауап берген қызметшілердің саны; b – сауалнаманың 19-сұрағына «жоқ» деп жауап берген қызметшілердің саны; d – сауалнаманың 20-сұрағына «иә» деп жауап берген қызметшілердің саны; e – сауалнаманың 21-сұрағына «жоқ» деп жауап берген қызметшілердің саны; с – сұралған қызметшілердің саны. Осы көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мәні 4 балл болып саналады. 34. «Қызметшілердің Ұлттық Банк қызметіне қатысу дәрежесі» көрсеткіші бойынша баға мына формуламен есептеледі: P5 = k – алынған нәтижелерді өлшем мәніне келтіруге арналған коэффициент (4-ке тең); k1 – алынған нәтижелерді өлшем мәніне келтіруге арналған коэффициент (5-ке тең); а – сауалнаманың 22-сұрағына «иә» деп жауап берген қызметшілердің саны; b – сауалнаманың 23-сұрағына «иә» деп жауап берген қызметшілердің саны; d – сауалнаманың 24-сұрағына «иә» деп жауап берген қызметшілердің саны; e – сауалнаманың 25-сұрағына «иә» деп жауап берген қызметшілердің саны; f – сауалнаманың 26-сұрағына «иә» деп жауап берген қызметшілердің саны; с – сұралған мемлекеттік қызметшілердің саны. Осы көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мәні 4 балл болып саналады. 6. «Ұлттық Банктің кадр қызметі жұмысының тиімділігі» өлшемі 35. Осы өлшем бойынша бағалау Ұлттық Банкі осы Әдістемеге 9, 10, 11-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша ұсынатын ақпарат негізінде жүргізіледі. 36. Бағалау мына формула бойынша есептеледі: К6 = Р1 + Р2 + P3 К6 – аталған өлшем бойынша Ұлттық Банктің бағасы; Р1 – «кадр қызметінің қызметшілерінің кәсіби деңгейі» көрсеткіші; Р2 – «Ұлттық Банк қызметкерлеріне еңбек демалысын уақытылы беру» көрсеткіші; Р3 – «бос орындар жөніндегі ақпараттың қолжетімділігі» көрсеткіші. Осы өлшем бойынша ең жоғарғы мәні 18 балл болып саналады. 37. «Кадр қызметінің қызметшілерінің кәсіби деңгейі» көрсеткіші бойынша баға мына формуламен есептеледі: P1 = k (a/b+ с/10) k – алынған нәтижелерді өлшем мәніне келтіруге арналған коэффицент (6-ға тең); a – персоналды басқару бағыты бойынша біліктілікті арттырудан өткен Ұлттық Банктің кадр қызметінің қызметшілерінің саны; b – Ұлттық Банктің кадр қызметі қызметшілердің жалпы саны; c – кадр қызметі қызметшілерінің кадр саласында орташа қызмет өтілі; 10 – бастапқы мәні. Осы көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мәні 6 балл болып саналады. 38. «Ұлттық Банк қызметкерлеріне еңбек демалысын өз уақытында беру» көрсеткіші бойынша баға мына формуламен есептеледі: P2 = k * a/30 * b/90 k – алынған нәтижелерді өлшем мәніне келтіруге арналған коэффициент (6-ға тең); a – есептік кезеңде Ұлттық Банктегі жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы күнінің орташа саны; b – есептік кезеңде жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы берілген Ұлттық Банктің қызметшілерінің үлесі; 30 – бастапқы мәні; 90 – бастапқы мәні. Егер жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстан шақыртып алынған қызметшіге оның келісімі бойынша демалыстың пайдаланылмаған бөлігін басқа уақытта берудің орнына еңбек заңнамасына сәйкес оған жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігінің күндері үшін өтемақы төлемі жүргізілсе, демалыс толық пайдаланған болып саналады. Егер алынған нәтиже минус белгісімен болса, осы көрсеткіш бойынша 0 мәні қойылады. Осы көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мәні 6 балл болып саналады. 39. «Бос орындар жөніндегі ақпараттың қолжетімділігі» көрсеткіші бойынша баға мына формуламен есептеледі: P3 = k k – алынған нәтижені өлшемді мәнге келтіруге арналған коэффициент (6-ға тең); а – Ұлттық Банктің интернет-ресурсында орналастырылған бос орындар саны; b – есептік кезең бойынша бос лауазымдар саны. Осы көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мәні 6 балл болып саналады. 7. Ұлттық Банктің персоналды басқару тиімділігі бойынша қорытынды бағасы 40. Органның қорытынды бағасы барлық өлшемдер бойынша алынған есептердің нәтижелерін қосу жолымен анықталады: О = К1 + К2 + К3 + К4 + К5 О – Ұлттық Банктің персоналды басқару бойынша қорытынды бағасы. 41. Персоналды басқару бойынша бағалау нәтижелері туралы қорытынды келесілерді қамтиды: бағаланатын органның атауы; барлық өлшемдер бойынша бағалау кестесі; орган қызметінің тиімділігін өлшемдер бойынша талдау; тұжырымдар мен ұсынымдар. 42. Алынған нәтижеге сәйкес мемлекеттік органның қызмет тиімділігі анықталады. Мемле­кеттік орган қызметі тиімділігінің жоғарғы дәрежесі бағалаудың 90-100 балына, орташа дәрежесі – 70-89,99 балға, төменгі дәрежесі 50-69,99 балға сәйкес келеді. Бағалау нәтижесі бойынша 49,99-ден төмен балл алған мемлекеттік органның қызметі тиімсіз деп саналады. 8. Бағалау нәтижелерін қайта тексеру 43. Қайта тексеру шаралары (дәлелдейтін құжаттарды жинау, талдау) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша немесе Ұлттық Банктің дәлелдейтін құжаттармен бірге қарсылықтары түскен жағдайда жүзеге асырылуы мүмкін. Қарсылықтары түскен күннен бастап, он бес күнтізбелік күн ішінде Агенттік қайта тексеру нәтижесі бойынша қарсылықтары қабылдау немесе қабылдамау туралы негізделген қорытындыларды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Ұлттық Банкке жолдайды. Қарсылықтар қабылданған жағдайда бағалау нәтижелері туралы қорытындыларға тиісті түзетулер енгізіледі. 44. Есеп мәліметтерді қайта зерттеу және растайтын құжаттамалармен танысу Агенттік қайта тексеру мерзімдері жұмыс тобымен анықталады. 9. Ұлттық Банктің толық емес және сапасыз ақпараттар ұсынуы 45. Ұлттық Банк толық және анық есептік ақпаратты Әдістеменің 1-13-қосымшасына сәйкес, Кестемен бекітілген мерзімде Агенттікке ұсынады. Толық немесе анық есепті ақпарат уақтылы ұсынылмаған жағдайда, сөгістің әрбір түрі үшін Ұлттық Банктің осы бағыттағы қорытынды бағасынан айыппұл баллдары шегеріледі. 46. Агенттікке Кестемен қарастырылған мерзімнен кейін ұсынылған Есепті ақпарат уақтылы ұсынылмаған деп танылады. Уақтылы ұсынылмаған есепті ақпаратты ұсынған Ұлттық Банктен 1,5 айыппұл баллдарын шегеру қарастырылған. 47. Әдістеменің қосымшаларында қарастырылып бекітілген есепті ақпараттың құрылымдық талаптарына сәйкес элементтер (қосымшалар, тараулар, бөлімдер, кестелер, көрсеткіш мәндері және т.с.с.) болмаса есепті ақпарат толық емес деп танылады. Толық емес есепті ақпаратты ұсынған органнан 2 айыппұл баллдарын шегеру қарастырылады. 48. Қайта тексеру барысында шындыққа сай келмейтін фактілер анықталған жағдайда есепті ақпарат анық емес деп танылады. Ұлттық Банктің есепті ақпараттарында, мәліметтерді қайта тексерудің қорытындысымен жасалған, көрсетілген фактілер тексеру актісінде Әдістеменің 12-қосымшаға сәйкес бекітеді. Анық емес есепті ақпаратты ұсынған органнан әр белгіленген дерек үшін 0,2 айыппұл баллдарын шегеру қарастырылады. Анық емес есепті ақпаратты ұсынған үшін шегерілген баллдардың сомасы 5 баллдан жоғары артып кетпеу тиіс. Орган қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері туралы қорытынды «Тұжырымдар мен ұсыныстар» тарауында анықталған фактілер туралы ақпарат қамтылады. 10. Бағалау нәтижелері бойынша Ұлттық Банктің қарсылықтарын ұсыну 49. Ұлттық Банк тексеру нәтижелеріне келіспеушіліктер болған жағдайда, бағалау нәтижелерін алған күннен бастап, бес жұмыс күні ішінде Агенттікке растаушы құжаттарымен қарсылықтарын жолдайды. Белгіленген мерзімің өтуінен кейін Ұлттық Банктің қарсылықтары қабылданбайды. 50. Ұлттық Банк тексеру нәтижелеріне келіспеушіліктері болмаған жағдайда, бес жұмыс күнінде Агенттікке тиісті хабарлама ұсынылады. 51. Шағымдану тәртібін жүргізу үшін, құрамына қарсылықты ұсынған Ұлттық Банкті бағалауға қатысқан қызметкерлер кіре алмайтын, қарсылықтарды қарастыру бойынша бағалауға уәкілетті мемлекеттік органда арнайы Комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады. Комиссия құрамы мен саны Агенттікпен, құрамы бес адамнан кем емес дербес анықталады. 52. Ұлттық Банктен қарсылықтар түскен күннен бастап, Әдістеменің 18-қосымшасына сәйкес қайшылық кестесі Агенттікпен құрылады және Комиссия қарауына бес жұмыс күнінде енгізіледі. 53. Қарсылықтар ұсынған Ұлттық Банктен өкілдер шақырылып, Комиссия қарсылықтарды қарастыратын және бағалау нәтижелерінің объективтілігін анықтайтын мәжіліс өткізеді. 54. Комиссия мәжілісінің нәтижелері бойынша және қарсылықты қарау жөнінде қайшылық Кестесіне қорытынды қабылданған алқалық шешім, Комиссия Төрағасымен және Ұлттық Банк өкілімен пысықталады және қол қойылады. 55. Растаушы құжаттармен Ұлттық Банктен қарсылықтар түскен күннен бастап, он бес жұмыс күнінде Комиссия қайта тексеру нәтижелерін бағалауға уәкілетті мемлекеттік органның Сараптама комиссиясының жұмыс органына және Ұлттық Банкке қарсылықты қабылдау немесе қабылдамау туралы негізделген қорытындыны жолдайды. Қарсылық қабылданған жағдайда, бағалау нәтижелері туралы түзету енгізілген қорытынды бірге жолданады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Персоналды басқару тиімділігін бағалау әдістемесіне 1-қосымша нысан Персоналды басқаруды бағалау нәтижелері бойынша қорытынды ________________ (есепті кезең) № Бағалау өлшемі Әр өлшемнің бағалау баллдары 1 Адам ресурстарын пайдалану тиімділігі 2 Ұлттық Банк қызметшілерін кәсібилендіру деңгейі 3 Сыбайлас жемқорлықтың деңгейі 4 Ұлттық Банк қызметшілерінің қанағаттану деңгейі 5 Ұлттық Банктің кадр қызметінің жұмыс тиімділігі Жалпы баға*: Жалпы бағаның мәні**: Ұлттық Банктің қызметінің тиімділігін бағалау өлшемдері бойынша талдау: Қорытындылар мен ұсынымдар: Агенттік Төрағасының орынбасары/Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тиісті бөлімі ________________ ___________________ (қолы) (қолтаңбаның толық жазылуы) Агентіктің/Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысы ________________ ___________________ (қолы) (қолтаңбаның толық жазылуы) «____ »______________20___ж. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Персоналды басқару тиімділігін бағалау әдістемесіне 2-қосымша Персоналды басқару бағалау үшін өлшемдер мен көрсеткіштер р\с № Өлшемнің/көрсеткіштің атауы Балл 1 Адам ресурстарын пайдаланудың тиімділігі 34 1.1. Кадрлардың ауысушылығы деңгейі 14 1.2. Ұлттық Банк штатының жасақталуы 8 1.3. Ұлттық Банк қызметшілерін жоғарылату 6 1.4. Ұлттық Банктегі нақты жұмыс уақытының ұзақтығы 6 2 Ұлттық Банк қызметшілерін кәсібилендіру деңгейі 10 2.1. Ұлттық Банк қызметшілерінің біліктілікті арттырудан өтуі 10 3 Сыбайлас жемқорлық деңгейі 18 3.1. Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталған қызметшілердің, оның ішінде қылмыс жасаған уақытта Ұлттық Банктің қызметшілері болғандар саны 6 3.2. Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған қызметшілердің, оның ішінде құқықбұзушылық жасаған уақытта Ұлттық Банктің қызметшілері болғандар саны 6 3.3. Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған қызметшілердің саны 6 4 Ұлттық Банк қызметшілерінің қанағаттану деңгейі 20 4.1. Қызметшілердің Ұлттық Банк қызметіне қатысу дәрежесі 4 4.2. Көтермелеу жүйесімен қанағаттану дәрежесі 4 4.3. Мансаптық өсу мүмкіндіктерімен қанағаттану дәрежесі 4 4.4. Еңбектің ұйымдастырылуымен қанағаттану дәрежесі 4 4.5. Персоналды іріктеу тәртібімен қанағаттану дәрежесі 4 5 Ұлттық Банктің кадр қызметінің жұмыс тиімділігі 18 5.1. Кадр қызметінің қызметшілерінің кәсіби деңгейі 6 5.2. Ұлттық Банктің қызметшілеріне еңбек демалысын уақытылы беру 6 5.3. Бос орындар жөніндегі ақпараттың қолжетімділігі 6 Барлығы 100 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Персоналды басқару тиімділігін бағалау әдістемесіне 3-қосымша нысан Кадрлардың ауысуы бойынша ақпарат Есепті кезеңде жұмыстан босатылған Ұлттық Банктің қызметшілерін лауазымдарға бөле отырып саны көрсетіледі, басшы құрамдағы лауазымдар бөлек және басшы емес құрам Жұмыстан босату негіздері Жұмыстан босатылған мемлекеттік қызметшілердің саны Барлығы Басшы қызметшілер Басшы емес қызметшілер 1 - теріс негіздермен, оның ішінде: - аттестация нәтижесінде теріс негіздермен; - тәртіптік жаза салдарынан; - сыбайлас жемқорлықты құқықбұзушылыққа байланысты; - басқа теріс негіздермен 2 - зейнетке шығуына байланысты; 3 - «орталық-өңір», «өңір-орталық», «өңір-өңір» сызбасы бойынша ауысуына байланысты; 4 - мемлекеттік саяси қызметке кетуіне байланысты 5 - жоғары тұрған лауазымға ауысуына байланысты * 6 - тең лауазымға ауысуына байланысты ** 7 - төмен тұрған лауазымға ауысуына байланысты ***; 8 - ауру, қайтыс болуына байланысты; 9 - Ұлттық Банктің қайта құрылуы немесе штаттың қысқаруына байланысты; 10 - негізгі қызметшінің жұмысқа шығуына байланысты (бала күтімі бойынша, шетелде және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында оқуына байланысты еңбекақысы сақталмайтын демалыстан) 11 - өз еркімен, оның ішінде: - мемлекеттік емес құрылымға кетуіне байланысты; - әскери және құқық қорғау органдарына кетуіне байланысты; - кеткен жұмыс орны белгісіз Барлығы * бұрынғы лауазымына қарағанда мемлекеттік қызмет өтілі бойынша жоғары талаптар қойылатын лауазым. ** бұрынғы лауазымына қарағанда мемлекеттік қызмет өтілі бойынша тең талаптар қойылатын лауазым. *** бұрынғы лауазымына қарағанда мемлекеттік қызмет өтілі бойынша төменгі талаптар қойылатын лауазым. Мемлекеттік саяси қызметшілердің ауысуы кезінде ауысушылығы Ұлттық Банкте мемлекеттік саяси қызметшілері ауысқан жағдайда толтырылады Мемлекеттік саяси қызметшілердің тағайындалуы актінің уақыты мен нөмірі, есепті жылдың соңына дейін жұмыстан босатылған басшылық құрамдағы қызметшілер саны Жұмыстан босату негіздері Жұмыстан босатылған қызметшілердің саны Барлығы Басшы қызметшілер С, D С-О, D-O 1 - теріс негіздермен, оның ішінде: - аттестация нәтижесінде теріс негіздермен; - тәртіптік жаза салдарынан; - сыбайлас жемқорлықты құқықбұзушылыққа байланысты; - басқа теріс негіздермен 2 - зейнетке шығуына байланысты; 3 - басқа мемлекеттік органға «орталық-өңір», «өңір-орталық», «өңір-өңір» сызбасы бойынша ауысуына байланысты; 4 - мемлекеттік саяси қызметке кетуіне байланысты; 5 - жоғары тұрған лауазымға ауысуына байланысты * 6 - тең лауазымға ауысуына байланысты ** 7 - төмен тұрған лауазымға ауысуына байланысты *** 8 - ауру, қайтыс болуына байланысты; 9 - Ұлттық Банктің қайта құрылуы немесе штаттың қысқаруына байланысты; 11 - негізгі қызметшінің жұмысқа шығуына байланысты (бала күтімі бойынша, шетелде және Қазақстан республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында оқуына байланысты еңбекақысы сақталмайтын демалыстан) 12 - өз еркімен, оның ішінде: - мемлекеттік емес құрылымға кетуіне байланысты; - әскери және құқық қорғау органдарына кетуіне байланысты; - кеткен жұмыс орны белгісіз Барлығы Басшы лауазымдар Басшы емес лауазымдар Орташа штат саны (Ұлттық Банктің лауазымдарының штат саны әрбір тоқсанның соңғы күндегі жағдайы бойынша есептеледі және жылдың әрбір тоқсан санына бөлінеді (4)) Басшылық құрамның орта штат саны туралы ақпарат Ұлттық Банктің Төрағасы _____________ _______________________ (қолы) (қолтаңбаның толық жазылуы)\ Ұлттық Банктің тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысы _____________ _______________________ (қолы) (қолтаңбаның толық жазылуы) «____ »______________20___ж. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Персоналды басқару тиімділігін бағалау әдістемесіне 4-қосымша нысан Бос лауазым орындарынан пайда болған, оның ішінде қызметшілердің ұзақ мерзімді оқуға немесе бала күтімі демалысына кету себептері бойынша адамға арналған күндердің саны туралы ақпарат № р/с Лауазымының толық атауы Лауазым бос болған уақыт кезеңі (күн, ай, жыл) Лауазым бос болған жұмыс күндерінің барлық саны Ұлттық Банктің штат кестесіне сәйкес құрылымдық бөлімшенің (бөлім, басқарма, департамент) толық атауы Орташа штат саны көрсетіледі (Ұлттық Банктегі лауазымдардың штат саны әрбір тоқсанның соңғы күндегі жағдайы бойынша есептеледі және жылдың әрбір тоқсан санына бөлінеді (4)) ... Барлығы Ұлттық Банк қызметшілерінің науқас болуы себебімен лауазымдар бос болған күндердің саны (жүкті болған мерзімі 20 аптадан астам аяғы ауыр әйелдердің уақытша еңбекке жарамсыздығына байланысты жұмыста болмау себебімен, өндірістік жарақаттануына байланысты уақытша еңбекке жарамсыздығы, қызметкерлердің онкологиялық аурумен науқастануына орай уақытша еңбекке жарамсыздығына, сондай-ақ «Екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін ауру түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 жел­тоқсандағы № 1171 Қаулысына сәйкес, жеке тізіммен анықталған өзге де аурулар) және басқа себептермен (жалақы сақталмайтын демалыс, жұмыстан шеттету) адамға арналған күндердің саны № р/с Лауазымының толық атауы Лауазым бос болмаған уақыт кезеңі (күн, ай, жыл) Лауазым бос болмаған жұмыс күндерінің барлық саны Ұлттық Банктің штат кестесіне сәйкес құрылымдық бөлімшенің (бөлім, басқарма, департамент) толық атауы Орташа штат саны көрсетіледі (Ұлттық Банктегі лауазымдардың штат саны әрбір тоқсанның соңғы күндегі жағдайы бойынша есептеледі және жылдың әрбір тоқсан санына бөлінеді (4)) ... Барлығы Кадр қызметінде бос лауазым орындарынан пайда болған, оның ішінде қызметшілердің ұзақ мерзімді оқуға немесе бала күтімі демалысына кету себептері бойынша адамға арналған күндердің саны туралы ақп