Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы «Қазпошта» АҚ ақшасын ұрлағандар қолға түсті. Бұл туралы Қостанай облыстық сотының сайты хабарлады.
Күдіктілер жоғарыда аталған өңірдегі «Қазпоштаның» арнайы бөлмесіндегі 9 563 182 теңгені ұрлаған. Ұсталғандардың екеуі де еш жерде жұмыс істемейді. Қазір құқық қорғау қызметкерлері олардың басқа да қылмысқа қатысы барын тексеру үстінде. Қылмыстық кодексте мұндай қылмысқа 5-10 жылдан бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Қазір айыпкерлер уақытша оқшаулағышта отыр. Жақын арада оларға қатысты сот процесі басталатын болады.
Әмірхан Алмағанбетов.
Дереккөз: Қостанай облыстық соты.
Фото: 1Tv.ru.