• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
20 Ақпан, 2014

Оңтүстік пен Солтүстік Корея бауырластық шарасын өткізді

301 рет
көрсетілді

Бүгін, Оңтүстік Кореяның 100-ден астам азаматы туысқандарымен көрісу үшін Солтүстік Кореяға келді, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.

1950-1953 жылдары Корей соғысы кезінде бір-бірінен көз жазып қалған отбасылардың кездесуі КХДР аумағында орналасқан Кымгансан курорттық аймағындағы қонақ үйлердің бірінде өтті. Кездесуге екі жақтан 180-ге жуық қарт адам келген. Олардың табысуына 60 жылдан астам уақыт бойы мүмкіндік болмаған екен.   

12-14 ақпанда жоғары деңгейде өткен корейаралық келіссөздер барысында аталмыш шараны өткізу жөнінде шешім қабылданды. Бұдан бұрын бір-бірінен көз жазып қалған отбасыларды кездестіруді 20-25 ақпанда өткізу жоспарланған еді. Алайда, соңғы сәтте бұл шара кейінге қалдырылды.

Бір-бірінен көз жазып қалған отбасыларды кездестіру шарасы алғаш рет 1985 жылы өтті. Соның арқасында 21,7 мың адам өз туыстарын көруге мүмкіндік алған еді. Содан бергі 15 жыл ішінде мұндай шара қолға алынбаған екен.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Itar-tass.com.

Фото: Itar-tass.com.