• RUB:
    5.53
  • USD:
    471.46
  • EUR:
    504.79
Басты сайтқа өту
07 Мамыр, 2010

КӨРІНБЕЙТІН МАЙДАН ЖАУЫНГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ

561 рет
көрсетілді

Бұрнағы күні Алматы қаласында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдық мерекесін атап өтуге арналған іс-шаралар шеңберінде Қазақстан Республикасы Сыртқы барлау қыз­меті және “Қазақстан Республикасы сырт­қы барлауының ардагер­лері” қоғамдық ұйымы ұйымдастырған салтанатты шаралар өтті. ҚР “Сырбар” Сыртқы барлау қызметі­нің директоры генерал-майор А.Жанқұлиев Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, соғысқа қатысқандардың артында қалған жесірлеріне және соғыс жылдарындағы тыл еңбеккер­леріне арнап құттықтау сөз сөйледі. “Сырбар” қыз­метінің ұжымы атынан қонақтарға құт­тықтау хаттары және естелік сыйлықтар табыс етілді. Ұлы Отан соғысы мен еңбек майданы­ның ардагерлері және “Қазақстан Респуб­ли­касы сыртқы барлауының ардагерлері” қоғамдық ұйымының атынан М.Д.Баратов, Ж.Б.Мәр­денов, М.И.Исин, Б.Н.Мешенбаев және В.М.Кривоногов секілді аға ұрпақ өкілдері сөз сөйледі. Олар ардагерлердің мұң-мұқта­жына көңіл бөлгендері және Қазақстан хал­қы­ның ерлік жолын жас ұрпақтың жадын­да сақтаудағы қамқорлығы үшін Президент Н.Ә.Назарбаевқа, ел Үкіметіне шын алғыс­тарын және ризашылықтарын білдірді. “Егемен-ақпарат”.
Соңғы жаңалықтар