• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қаржы 04 Қараша, 2021

Екі елден зейнетақы алып келген

350 рет
көрсетілді

Өкінішке қарай, шетел азаматы бола тұра, заңды белден басып ебін тауып екі асап, екі мемлекеттің әлеуметтік сала­ға бағытталған көмегін қатар алып күнел­тіп жүргендер бар. Бұған бір дәлел, Қоста­най облысында 6 жыл бойы Қазақстан Респуб­ликасынан зейнетақы алып келген Ресей Федерациясының азаматшасы ұсталды.

Заңға сәйкес, ел аумағында тұрып жатқан кез келген адам шетел азаматтығын қабылдаған сәттен бастап, Қазақстан Республикасының азаматы деген мәртебесінен біржола айырылады. Алайда Қарасудағы көші-қон қызметі мен осы ауданның әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімі бірлесіп өткізген жедел шара барысында ұсталған 64 жастағы әйелдің Ресей азаматтығын осыдан 16 жыл бұрын ресімдеп алғанымен, күні бүгінге дейін Қарасу ауылында тұрып келгені анықталып отыр. Ресейдің зейнетақысына қанағаттанбаған ол 2015 жылы Қазақстан Республикасында тағы бір зейнетақы ресімдеп алған. Қазір құзырлы орындар әккі әйелдің қалтасына заңсыз жолмен түскен қаржыны қайтарып алу мәселесін қарастырып жатыр.

Ресей азаматшасы Әкімшілік құқық бұзушы­лық туралы кодексінің 496-бабы бойынша әкім­шілік жауапкершілікке тартылып, 100 АЕК, яғни 291 мың 700 теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды. Сонымен қатар бүгінге дейін заңсыз иемденіп келген Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылды.