• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Әлем 05 Қараша, 2021

Нигерде ұлттық аза тұту жарияланды

314 рет
көрсетілді

Африка елінің тұрғындары екі күн бойы Малимен шекаралас Адаб Баб ауылында 2 қарашада болған қанды лаңкестік әрекеттің 69 құрбанын еске алады, деп жазады Egemen.kz.

Нигер Ішкі істер министрлігінің басшысы Алкаче Альхаданың айтуынша, қаза тапқандар арасында Бани-Банги ауданы әкімшілігінің басшысы да бар.

Шабуыл Бани-Бангу әкімшілігі делегациясының Адаб-Баб ауылына сапары кезінде жасалған. Қаза тапқандар арасында ауылдың қауіпсіздігін қамтамасыз еткен жасақшылар да бар.

Бұған дейін Human Rights Watch (HRW) үкіметтік емес ұйымы 2021 жылдың қаңтар-шілде айларында Нигердің Мали және Буркина-Фасомен шектесетін аймақтарында тоғыз теракт жасалғанын, соның салдарынан 420 бейбіт тұрғын қаза тапқанын хабарлаған.